№9 Теміржол сайлау округі бойынша Қарағанды облыстық мәслихатына депутаттыққа үміткер Ербол Сағадаллаұлы ДҮЙСЕМБАЕВТЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМ - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016


№9 Теміржол сайлау округі бойынша
Қарағанды облыстық мәслихатына депутаттыққа үміткер
Ербол Сағадаллаұлы  ДҮЙСЕМБАЕВТЫҢ
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Дүйсембаев Ербол Сағадаллаұлы 1974 жылғы 18 наурызда Қостанай облысының Арқалық қаласында дүниеге келді, қазақ, Қазақстан Республикасының азаматы, жоғары білімді, Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын көліктегі  тасымалдарды ұйымдастыру және басқару, Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын теміржол көлігіндегі экономика және менеджмент мамандығы бойынша бітірген.
«Нұр Отан» партиясының мүшесі.
Еңбек жолын 1993 жылы поездар құрастырушысы болып бастаған. Мақсаткер жас маманға қызметте жылдам өсу: станция кезекшісі, поезд диспетчері, техникалық жұмыстар жөніндегі бастықтың орынбасары, Ақмола тасымалдау бөлімшесінің станция бастығы, 2004 жылдан 2006 жылға дейін бас маман, Қазақстан Рес­публикасы Көлік және коммуникация министрлігінің теміржол көлігін реттеу басқармасының нарықты құрамдау бөлімінің бастығы болып қызмет етті. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының орталық аппаратында бірінші вице-президенттің көмекшісі, басқарма бастығы, тасымалдау дирекциясы филиалының техникалық саясаты жөніндегі атқарушы директоры лауазымдарын атқарды.  2013 жылғы шілде айынан «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы – «Қарағанды жол бөлімшесі» филиалының директоры болып істейді.
Үйленген, 3 баласы бар.

Мен облыстық мәслихатқа депу­т­ат­тыққа сайлану туралы шешімді  өз мүм­кіндігім мен күш-қайратымды әбден саралай келе қабылдадым.
Облыстық мәслихаттың өкілі болу артықшылық емес, керісінше үлкен жауапкершілік, себебі депутат болу өз сайлаушылары мүддесін белсенді қорғауға, ортақ игілік іске қауырт, күш жігермен жұмыс істеуге міндеттейді.
Сіздер мен біздерді, ең алдымен, жергілікті түйткілдер алаңдатады. Сондықтан, оларды шешудің мынадай басымдық бағыттарын ұсынамын:
Елбасы Н.Ә.Назарбаев жүргізетін реформаларды толыққанды қолдауды, саяси тұрақтылықты сақтауға әрекет ету, ұлтаралық келісім мен бірлікті, сондай-ақ партияның, бұқаралық ақпараттық құралдардың ролін арттырып, сенімін бекітуге әрекет ету;
– келесі негізгі бағдарламалар: жолды күрделі жөндеуге, аулалар мен көшелерді жарықтандыруға, көркейтуге бюд­жеттік қаражаттың бөлінуіне қол жеткізу. Одан басқа халықты үзіліссіз сумен қамту мәселесін шешуді, газбен жабдықтау саласын тәртіпке келтіру және коммуналдық қызметтер бағасын реттеу;
– теміржол ұйымдары үшін кадр­лар дайындау және кәсіптік оқыту мәселелеріне мақсатты, жүйелі қаты­настарды әзірлеу, жас мамандарды жұмысқа орналастыру және оларды теміржол көлігі кәсіпорындарында кәсіби деңгейлерін көтеріп, бекіту үшін қажетті тұрмыстық жағдай жасау;
– мен аға буынды қарттарға үлкен құрметпен қараймын, аз қамтылған тұрғындарға, көп балалы отбасыларына мақсатты көмек көрсету, еңбек және соғыс ардагерлеріне, зейнеткерлер мен мүгедектерге қамқорлық көрсету – мен үшін өте маңызды мақсаттарымның бірі болып табылады;
– тұрғындарды жұмыспен қамту, жұмыссыздықты азайту мәселелерінің оң шешілуіне тырысамын;
– денсаулық сақтау мен білім беру жұмысын арттыру мақсатында жаңа заманауи балабақшалар мен мектептер ашу, тегін медициналық қызметтер тізімін арттыру мен сапасын жақсарту мәселелеріне белсенді қатысамын.
Өмірлік тәжірибем, басқарып отырған кәсіпорын мүмкіншілігі, қара­пайым азаматтардың жағдайларын білу – маған сайлау округімдегі барлық түйткілдерді бір адамдай білетінім алдыма қойылатын мін­деттерді шешуге кепіл бола алады деп санаймын.

Республикалық бюджет қаражатынан төленді.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 241
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px