Қадағалау – қатаң ырғақта - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Қадағалау – қатаң ырғақта
Облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ  қалалар мен аудандардың су тасқыны кезеңіне әзірлік жағдайын тексеруді жалғастыруда. Өткен бейсенбіде аймақ басшысы дәл осындай мақсатпен Шет және Ақтоғай аудандарында болды.

Күн тәртібіндегі мәселеге ор­айлас, Шет ауданының әкімі Рысқали Әбдікеров берген есепте біршама мақсатты жұ­мыстардың жүргізілгені айтылды. Нақтылай түссек, штаб отырыстары өткізіліп, көктемгі су тасқынына әзірлік жағдайы терең зерделенген, оның ішінде, тиісті іс-шараларды атқару барысы талқыланған. Өткен жылдың «ащы сабағын» ескере отырып, алғашқы кезекте, қардың мол түсуіне байланысты су басу қаупі зор үйлердің қатары анықталған. Үй иелеріне ескертулер беріліп, төтенше жағдай орын алған кездегі әрекеттер туралы арнайы дайындалған ескертпе-нұсқаулық қағаздары таратылған. Сонымен қатар, әкімдік аппараты мен учаскелік полиция инспекторлары тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізген.
Атқарылған жұмыстар бар­шылық. Мәселен, бүгінгі күнге дейін Ақадыр кентінде 15 көше, 137 аула, 15 судың ағып өтуіне арналған қондырғылар мен тұрбалар және жалпы ұзындығы 8,8 шақырымды құрайтын ар­ықтар қардан тазартылды. Бұдан тысқары, аз қамтамасыз етілген 11 отбасына аулаларын қардан тазалау үшін нақты көмек көрсетілді. Кент әкімдігі тарапынан 2 мың дана қапшық, 2 мың тонна инертті материалдар, үрлемелі қайықтар, күректер және тағы да басқа құрал-жабдықтар әзірленіп қойылды.
Одан кейін облыс әкімі Ақтоғай ауданында болып, пайдалануға бертінде берілген Білім үйін арнайы барып көрді. Аталған нысанда 2014-2015 жылдары күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Соның аясында шатыры, терезелері, есіктері, жылу беру және электр желілері толыққанды жаңғыртылған. Бүгінгі күні Білім үйінде аудандық білім бөлімі, өнер мектебі, сондай-ақ, орталық кітапхана орналасқан. Сонымен қатар, ғимараттың 4 және 5-қабаттары қызметтік пәтерге бейімделген. Мұнда қазір 24 отбасы тұрып жатыр.
Сапар соңында Нұрмұхамбет Әбдібеков су тасқынына әзірлік жайы және одан туындайтын қауіптің алдын алу мәселесі бойынша кеңес өткізді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.  

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 279
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px