Аймақтар байланысы: тың тәсілдер – тиімді - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 05.12.2016

Аймақтар байланысы: тың тәсілдер – тиімді
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
«Орталық Қазақстан»
Жақында облыс әкімінің орынбасары Әнуар АХМЕТЖАНОВ бастаған облыстың тауар өндірушілерінің делегациясы Батыс Қазақстан және Атырау облыстарына арнайы іссапармен барды. Аймақаралық кооперацияны дамыту мен қазақстандық мазмұнды ұлғайтуды меже тұтқан делегация құрамында облыс аумағындағы 20-дан аса кәсіпорынның басшылары болды.
Батыс Қазақстан об­лы­сын­дағы сапар барысында қарағандылық делегация «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» басшылық құрамымен жүздесіп, әңгі­мелесті. Әң­гіме барысында екіжақты тиімді ықпалдасудың алғы­шарттары мен әрекет ету жолдары талқыланды. Өз кезегінде қарағандылық кәсіп­орындар мұнай өн­діру­мен шұғылданатын ком­паниялардың сұра­нысына ие тауарлардың таныстырылымын өткізді. Арқа өңірі­нен барған азаматтар тауар өткізу нарығын кең­ейту мақсатында Орал қаласында орналасқан өзге де ірі кәсіпорындарда болып, мүмкіндіктер аясын қарас­тырды.
Сапар түйінінде кеңей­тілген көлемдегі жиын өткізіл­іп, аймақ­аралық кооперацияны дамыту мәселесі қарас­тырылды. Нәти­жесінде, екі­жақты тиімді негіздегі бір­шама мәмілеге қол жеткізілді.
Батыс Қазақстан облысындағы мазмұнды іс-қимылдардан кейін Қарағанды делегациясының са­пары Атырау аймағында жал­ғасын тапты. Онда алдын ала келісілген бағдарламаға сәйкес, қарағандылықтар «Атырау Мұнай және Газ», сондай-ақ, «Атырау Билд» 15-ші Солтүстік Каспий аймақтық көрмесімен танысты. Көрме барысында Қарағанды делегациясының құрамындағы тауар өндірушілер мұнай-газ саласындағы аса ірі отандық компаниялардың, сонымен қатар, жақын және алыс шетелдердегі танымал ком­паниялардың өкіл­дерімен жүз­десіп, мақсатты түрде әңгі­мелесу мүмкіндігін иеленді.
Содан кейін бірінен-бірі тым шалғай жатқан екі аймақтың тауар өндірушілері үшін «Пікір алмасу алаңы» ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға Атырау облысы тарапынан «Теңіз Шевройл» ЖШС, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС, «Іскер» консорциумы, «ҚазМұнайГаз – Бұрғылау» ЖШС секілді қуатты компаниялар бастаған 20-дан аса ірі кәсіпорындардың өкілдері қатысты. Пікір алмасулар кезінде өзара тиімді іскерлік қарым-қатынас орнатудың ал­ғышарттары нақтыланып, алдын ала келісімдерге қол жеткізілді.
Сапар соңында Атырау облысы әкімдігінің ғимаратында қорытынды жиын өткізілді. Оның барысында екі облыстың кәсіпорындары арасындағы өз­ара ынтымақтастық жөніндегі 6 меморандумға қол қойылды.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 128
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1089
count 88x31px