Алдағы мерекелерге – айрықша дайындық - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 07.12.2016

Алдағы  мерекелерге – айрықша  дайындық
Рауан ҚАБИДОЛДИН,
«Орталық Қазақстан»


Кеше облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВТІҢ төрағалығымен аппарат жиыны өтті. Күн тәртібінде Қазақстан халқының бірлігі күні мейрамына және Ұлы Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шараларға, ҰБТ-ға дайындық жұмыстарының барысы, облыстық бюджетке қосымша табыстарды қарастыру іс-шаралары жоспарының орындалуы,  ауыл шаруашылығы және тұрғын үй кооперциялық бағыттағы пайдаланылмайтын жер телімдерін анықтау және айналымға енгізу туралы мәселелер талқыланды.
Мамыр айында өтетін мере­келерге дайындық жұмыс­тары туралы облыстың  ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлан Рыстин баяндады. Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған іс-шаралардың барлығы «Мә­ң­гілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының негізінде қоғамның тұрақтылығы мен бірлігін нығ­айтуға бағытталады. Облыста 140 мың адамды қамтитын 172 іс-шара өтеді. Соның ішінде, 30 мерекелік концерт, 20-дан аса спорттық шара, 5 дөңгелек үстел, 15 кітап көрмесі ұйымдастырылмақ.
Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың 1 сәуір­­­дегі мәліметі бойынша, об­лысымызда 256 ҰОС ардагері мен мүгедегі, 18 мыңға жуық тыл ең­беккері бар екен. Осы мерекеге орай, облысымызда 500-ден аса іс-шара ұйымдастырылып, ҰОС ардагері мен мүгедегіне бір мезгілде 150 000 теңге көлемінде, ал, тыл еңбеккерлеріне 10 000 теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілетін болады.
ҰБТ елімізде 1-15 маусым аралығында өтеді. Бұл туралы облыстық білім басқармасының басшысы Асхат Аймағамбетов мәлімдеме жасады. Кеше ҰБТ-ға қатысуға өтініш тапсыру мерзімі аяқталды. Алдын ала мәлімет бойынша, облысымызда биыл 6931 түлек мектеп бітіреді. Оның 4736-сы аталған тестілеуге қатысуға өтініш білдірген. Ал, қалған 2 195 оқушы 31 мамыр мен 20 маусым аралығында мемлекеттік емтихандар тап­сырады. Облыста «Алтын белгіге» – 227, үздік аттестат алуға 105 үміткер тіркелген. ҰБТ құрылымы өзгеріссіз қалды. Бұрынғыдай міндетті және бейінді пәндерден құралған. Міндетті пәндердің қатарында математика, Қазақстан тарихы, қазақ және орыс тілі пәндері бар. Сынаққа үш жарым сағат немесе 210 минут уақыт  беріледі. Биылғы жылдың жаңалығы ретінде тестілеуден қайта өту мүмкіндігі пайда болғанын айтуға болады. Алайда, бұл мүмкіндік, тек, ЖОО-ға түсуге қажетті 50 балл жинай алмаған түлектерге беріледі. Және олар мемлекеттік грантқа таласа алмайды. ҰБТ-ны қайта тапсыру тамыз айының екінші жартысында ақылы түрде жүргізіледі. Құны – 2 мың 242 теңге.
Облыстық бюджетке қосымша табыстарды қарастыру іс-шара­лары жоспарының орындалуы туралы облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы Ольга Чернявская ақпарат берді. 2016 жылдың 1 тоқсанындағы жұмыс қорытындысы бойынша облыстық бюджетке 28 млрд. 629 млн. теңге, соның ішінде, қосымша табыстарды қарастыру іс-шаралары жоспарының жүзеге асуымен 803,5 млн. теңге түскен. Бұл туралы мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Азамат Ахметов те сөз етті. Биылғы жылдың І тоқсанында 26 677 салық төлеуші есебінен бюджетке қосымша табыс ретінде 795 млн. теңге түскен.
Ауыл шаруашылығы бағытын­дағы пайдаланусыз жатқан жер телімдерін анықтау туралы «ҚР Өңірлік даму министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық жер инспекциясы» ММ басшысы  Саяш Ахметов мәлімдеді. Оның айтуынша, өткен жылы және биылғы жыл­дың             І тоқсанында 166 ауыл шаруа­шылығы субъ­ектісіне қатысты 360 мың гектар жерге тексеріс жүргізіліп, 156 шаруашылықта заң бұзушылық анықталған. Бұл шаруашылықтар 333 мың гектар жерді тиімді немесе мүлдем пайдаланбаған. Сөйтіп, 3 млн. 740 мың теңге көлемінде айыппұл салынған. Осы мәселеге қатысты облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Аян Шалмағамбетов те ақпарат берді.
Жиын соңында облыс әкімі басқарма басшыларына тиісті тапсырмалар беріп, қала-аудан әкімдеріне атқарылып жатқан жұмыстарды жалғастыруды тап­сырды.a

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 133
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px