Алдын ала мәліметтер жарияланды - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Алдын ала мәліметтер жарияланды
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісі сайлауының алдын ала қорытындысын жария етті. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық ТҰРҒАНҚҰЛОВТЫҢ мәлімдеуінше, үш саяси партия – “Нұр Отан”, Қазақстан коммунистік халықтық партиясы (ҚКХП) және “Ақ жол” 7 пайыздан жоғары дауыс жинады.
Саяси партиялар бәсекесінің жалпы қорытындысы төмендегідей:
“Нұр Отан” – 82,15 пайыз;
“Ақ жол” демократиялық партиясы — 7,18 пайыз;
Қазақстан коммунистік халықтық партиясы (ҚКХП) – 7,14 пайыз;
“Ауыл” халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 2 пайыз;
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) – 1,18 пайыз;
“Бірлік” партиясы – 0,29 пайыз.
– Осылайша, көш басында “Нұр Отан” партиясы, одан кейін “Ақ жол” және Қазақстан коммунистік халықтық партиясы тұр. Бұл партиялар Заңмен белгіленген 7 пайыз дауысқа ие болды. Аталған көрсеткіш оларға Парламент Мәжілісінде болуға жол ашады. Нақты қорытындыны Орталық сайлау комиссиясы Заңға сәйкес, 26 наурызға дейін анықтауы тиіс, – деді Қ.Тұрғанқұлов.
Еске сала кетейік, сайлау 9840 учаскеде өтті, олардың 65-і шетелдердегі ҚР өкілдіктерінде ашылған. Сайлаушылардың тізіміне 9 791 165 адам кірді. Сайлау үдерісі барысында 7 миллион 500 мың қазақстандық дауыс берді. Алдын ала мәлімет бойынша, қазақстандықтардың 77,1 пайызы дауыс берген.
(Kaz.tengrinews.kz
сайтынан алынды).

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 238
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px