Қарағанды облыстық мәслихатының депутаттығына №14 Шахтер сайлау округі бойынша үміткер Нұржан Ибрагимұлы ИМАНОВ - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Қарағанды облыстық мәслихатының депутаттығына №14  Шахтер сайлау округі бойынша үміткер Нұржан Ибрагимұлы ИМАНОВ
Тиімділік!  Жауапкершілік! Табыс!

Нұржан Иманов  1980 жылы  30 қарашада қызметкерлер отбасында дү­ниеге келді. Негізгі мамандығы – заңгер, Астана қаласы, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген, сондай-ақ, Павлодар экономикалық университетінің экономика факультетін тәмамдаған. Сонымен қатар Халықаралық бизнес Академиясын тәмамдады.
Нұржан Иманов еңбек жолын 2002 жылы қарашада «Караганда-Дистрибьюшн» ЖШС-ның энергетикалық талдау тобының жетекшісі ретінде бастаған. Қазіргі кезде «Қарағанды Жарық» ЖШС бас директоры.     
Нұржан Иманов қоғамдық-саяси өмірге белсене қатысқаны және еңбектегі табыстары үшін: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жә­не Қа­­рағанды облысының әкімі Н.З.Нығ­матул­линнің Құрмет грамоталарымен; сондай-ақ «Қазақстан Магниткасының – 50 жылдығы», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің – 20 жылдығы», «Қазақстан Конституциясына – 20 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталды. 2011 жылы «ТМД-ға Еңбегі сіңген энергетик» құрметті атағын иеленді. 2015 жылы «Еңбегі сіңген энергетик. Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы» құрметті атағын иеленді.

Құрметті қарағандылықтар! Жерлестер!

Менің басты мақсатым – «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан – 2021. Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру,  №14  Шахтер сайлау округінің  аумағында тұратын азаматтарға олардың әлеуметтік және өмірлік маңызды проблемаларын шешуге жәрдемдесу.
Қарағанды – менің туған қалам. Мұнда менің отбасым, туған-туыстарым, достарым, таныстарым бар. Біздің зейнеткерлеріміз, соғыс және еңбек ардагерлері, мүгедектер, көп балалы отбасылар, жалғыз басты аналардың қандай қиындықтары бар екендігін де білемін.  Депутаттық қызметім­нің негізгі мақсаты – халықтың әлеуметтік қорғалуын күшейту арқылы ӘРБІР қарағандылықтың өмірін жақсарту.

Алға қойған мақсатқа жету үшін мына мәселелерді шешу керек:  

– жолдарды, тротуарлар және көше жарығын ағымдағы және күрделі жөндеуден өткізу;
– тұрғылықты жерлерде балалар мен жасөспірімдер клубтарын ұйымдастыру;
– полицияның учаскелік және ті­рек пункттерінің жұмысын жүйелі ұйымдас­тыруды бақылау;
– нашақорлық пен бұзақылыққа, қыл­мысқа жол бермеу;
– ардагерлер, мүгедектер мен әлеу­меттік аз қамтамасыз етілген тұрғындарға атаулы әлеуметтік көмек туралы мем­лекеттік бағдарламаны жоспарлау және жүзеге асыру;

Өзімнің депутаттық қызметімді мына мәселелерге бағыттаймын:

1. Ардагерлер мен зейнеткерлерге қамқорлық.
2. Жастардың патриоттық тәрбиесіне, жұмысқа орналасуына, оқуына, бос уақыт­ын мазмүнды өткізу.
3. Кіші және орта бизнесті нақты қолдау.
4. Қаланы көркейту, бала-бақша құрылысы, спорт алаңдары, көше мен аулаларды жарықтандыру мен  көгалдандыру.
5. Тұрғын үй-коммуналдық қызметінің сапасын жақсарту және тұрғын үйлердің жылу мен жарық мәселесін шешу.

БІЗ БӘРІМІЗ БІРІГІП, ҚАЛАМЫЗДЫ КӨРКЕЙТІП, ӨМІРІМІЗДІ МӘНДІ ЕТЕМІЗ!   ҚЫМБАТТЫ ЖЕРЛЕСТЕР!
Қарағандының келешегі – Сіздердің қолдарыңызда. 20 наурызда сайлау учас­келеріне келіп, өз таңдауыңызды жасаңыз. Сайлау – баршамыздың өркендеуіміз бен өрлеуімізге, бейбітшілік пен тыныштыққа қызмет етеді. Облысымыз бен қаламыздың дамуы мен гүлдене беруі үшін дауыс берейік!
НҰРЖАН ИМАНОВ үшін дауыс беріңіздер!
Республикалық бюджет
қаражатынан төленді.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 253
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px