Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, 2016 жылғы 1 тоқсанда 7 іс-шараны жүргізді, оның ішінде аудит типі бойынша:
тиімділік аудиті – 6;
сәйкестік аудиті – 1.
Аудиторлық іс-шаралардың барысында 17 объекті, оның ішінде 15 мемлекеттік мекеме және 2 квазимемлекеттік сектор субъектісі тексерілді.
Аудитпен, 7 293 035,2 мың теңге көлемде бюджет қаражаты қамтылды, олардың ішінде: жергілікті бюджеттердің қаражаты – 6 109 917,4 мың теңге, республикалық бюджеттің қаражаты – 1 183 117,8 мың теңге.
16 объектіде 1 233 772,9 мың теңгеге бюджет және өзге де заңнамасының бұзушылықтары орнатылды. Қалпына келтірілуге (өтелуге) 658 300,9 мың теңге (53,3%) жатады, 657 478,5 мың теңге немесе 99,9% қалпына келтірілді (өтелді).
Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша:
бақылау объектілеріне – 7 аудиторлық қорытынды және 16 ұсыныс жіберілді, аудит нәтижелері бойынша объектілер тәртіптік жауапкершілікке 24 лауазымды адамды тартты;
мәслихаттарға – Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн лауазымды адамдардың сақтамауының анықталған фактiлерi бойынша 6 ұсыныс жіберілді;
әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға (Қарағанды облысы бойыша Қаржылық бақылау инспекциясы) – 5 материал жіберілді.
Әкімшілік жауаптылыққа айып-пұлдың жалпы сомасы 663,4 мың теңгеге 9 лауазымды адам тартылды.

