Қарағанды облысының әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссиясы - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Қарағанды облысының әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссиясы

  № 1 хаттама 30 наурыз 2016 жыл                Қарағанды қ.     

Қарағанды облысы әкімі, кәсіподақтар (жұмыскерлер) бірлестіктері, облыс кәсіпкерлер ассоциациялары және жұмыс берушілерінің арасындағы     2015-2017 жылдарға арналған Облыстық келісіміне толықтыру
Біз, Қарағанды облысының атқару органдарының, жұмыскерлердің бір­лестіктері, облыс кәсіпкерлерінің ассоциациясы, жұмыс берушілердің уәкілетті  өкілдері (одан әрі-Жақтар) әлеуметтік серіктестік міндеттерін бас­шылықа алып, 2015-2017 жылдарға арналған Облыстық келісімге (од­ан әрі-Қосымша келісім) келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдадық:
1. 2 тарау «Халықты жұмыспен нә­тижелі қамту және адам капиталын дамытуға көмек беру» тармақтарын келесі мазмұндармен толықтырылсын:
2.7. Кәсіпорынның экономикалық жағдайын әлсіретуге алып келетін өндіріс көлемінің, орындалған жұмыс­тардың және қызмет түрлерінің көлемі төмендеген жағдайда жұмыс берушілер Қазақстан Респуб­лика­сының заңнамаларына сәйкес жұмыскерлердің қысқаруын азайту (минималдандыру), сондай-ақ, төменде көрсетілген шаралар жолымен шешуді міндетіне алады:
– жұмыс тоқтап тұрған жағдайда жұмыскердің келісімін алмастан денсаулығына зиян келмейтін, орындаған жұмысына төленетін басқа жұмысқа көшіруді;
– әкімшілік-басқару шығындарын қысқарту.
2.8. Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 52 бабының 1 тармағы 3 тармақшасында қарас­тырылған негізде еңбек келісім шартын бұзу кезінде (жұмыс берушінің экономикалық жағдайын әл­сіретуге алып келетін өндіріс көлемінің, орын­далған жұмыстардың және қызмет түрлерінің көлемі төмендеген жағдайда), жұмыс беруші кәсіпорын кәсіподағы немесе жұмыскерлердің өкіліне жұмыс берушінің актісі жобасын (бұйрық) және хабарламасын береді. Бұл бұйрық және хабарламада еңбек келісім шартын бұзуға негіз болған себептер көрсетіледі  (жұмыс берушінің экономикалық өзгерістері  мен еңбек келісім шартын бұзудың қажеттілігі арасында тікелей байланыстың болуы), заңнамада қарастырылған мерзімде есепке алумен қатар жұмыс берушінің актісі шықпастан 30 күн мерзімде кәсіподақ және жұмыскерлер өкілдерінің негіз­делген (мотивацияланған) пікір­лерін алуға.
2. 6 тарау «Әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік жауапкершілікті дамыту»
6.2.тармағын келесі мазмұндағы тармақшамен толықтырылсын:
5) ұжымдық келісім шарттың маңыздылығын, жұмыс беруші мен жұмыскердің арасындағы әлеу­меттік диалогты ұйымдастыру меха­низмдерін, еңбек ұжымдарында әлеуметтік шиеленісті шешу және алдын алу тәртібін түсіндіру бойынша біріккен шаралар өткізу.
Осы Қосымша келісім қол қойған күннен бастап өз күшіне енеді және Қарағанды облысы әкімінің, кәсіподақтар (қызметкерлер) бір­лестіктерірің, облыстық жұмыс беру­шілер мен кәсіпкерлер қауым­дастықтарының арасындағы 2015-2017 жылдарға арналған Облыстық келісімнің ажырамас бөлігі болып саналады.
3. Келісімнің мәтіні екі апталық мерзімде облыстық «Орталық Қа­зақстан» және «Индустриальная Караганда» газеттерінде, Жақтар-ведомстволық және корпоративтік БАҚ-да жариялауы қажет.
 
Облыстық келісімге осы толықтыруларға қол қойғандар:

Атқару билігі органдары атынан:
Н.ӘБДІБЕКОВ,
Қарағанды облысының әкімі.    

Жұмыскерлердің облыстық бірлестіктері атынан:
Л. ҚУАНЫШБЕКОВА,
«Қарағанды облысының кәсіподақ орталығы» ӨКҰ.
С. БЕЛКИН,
«Қарағанды облысының еркін кәсіподақтарының достастығы» ӨКҰ.    

Кәсіпкерлер ассоциациясы  мен облыстық жұмыс берушілері атынан:
Д. ПАВЛОВ,
Қарағанды облысының жұмыс берушілер кеңесі.
М. БОЖБАНОВ,
Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасы.
Ж. АЛДАНГАРОВ,
Еуразиялық кәсіпкерлер ассоциациясы.
Е. АБИЛЬДИН,
Қазақстан кәсіпкерлері ассоциациясы.
С.САНАУБАЕВ,
Қарағанды облысының кәсіпкерлер ассоциациясы.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 383
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px