Қарағанды облысының Мәслихаты депутаттығына үміткер Жанна Филипповна ШтергерДІҢ сайлауалды бағдарламасы Құрметті сайлаушылар! - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Қарағанды облысының Мәслихаты депутаттығына үміткер
Жанна Филипповна ШтергерДІҢ сайлауалды бағдарламасы
Құрметті сайлаушылар!
Қарағанды облысының мәслихатына депутаттыққа мен «Нұр Отан» партиясынан ұсынылдым және оған, әрине, қуаныштымын, алайда, сонымен қатар, жерлестерім мен партия бойынша әріптестерім алдында қабылдайтын міндеттемелерім үшін жоғары жауапкершілік деңгейін де жақсы түсінемін.
Партия мүшесі және өз елімнің азаматы ретінде мен халықтың өмір сапасының артуын қамтамасыз ететін барлық жаңалықтардың ортасында болуды тікелей міндетім деп санаймын.
Мемлекеттік органдардың қызметінде және әлеуметтік-экономикалық салада заңдылық сақталуын қадағалау  бағытында жинақталған елеулі жұмыс тәжірибем болуына байланысты мен сіздердің проблемаларыңызды жақсы білемін. Мен күнде түрлі адамдармен кездесіп, араласып, олардың өзімдікіме өте ұқсас  мұқтаждықтары мен үміттерін көремін. Біздің өңірдің тұрғындары өмірдің барлық салаларында өздерін қолайлы сезінулері қажет. Өзімнің сайлаушыларымның заңды мүдделерін қорғауға, олардың құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асырылуына барлық күш-жігерімді саламын.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес барлығымыздың ортақ және әрқайсымыздың жеке міндетіміз деп есептеймін. Депутат ретінде Заңның және «Нұр Отан» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасының талаптарын орындау мақсатында, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне қарсы белсенді жұмыстар жүргіземін.     
Кәсіпкерлік – экономикалық дамудың басты күші, инновациялардың негізгі жеткізушісі бола тұра, халықты жұмыспен қамтамасыз етуде маңызды әлеуметтік роль атқарып, орта кластың және азаматтық қоғамның негізін қалаушы күш. Сондықтан, мен сайланған болсам, менің жоспарларымда – кәсіпкерлерді қолдау және олардың құқықтарын қорғау.
Менің азаматтық ұстанымым – әлеуметтік саясат әділ болуы қажет. Атаулы әлеуметтік көмек тек жағдайлары төмен отбасыларына ғана көрсетілуі қажет. Мемлекеттік қолдау, бірінші кезекте, азаматтарды толыққанды әлеуметтік және экономикалық өмірге белсенді тартуға бағытталуы керек. Менің депутаттық жұмысымның аясына халықтың қауқарсыз топтарына – зейнеткерлерге, мүгедектерге, көпбалалы отбасыларына жан-жақты көмек көрсету және еңбек саласында заңдылық сақталуын қамтамасыз ету кіреді.  
Біздің өңір тұрғындарының мүдделеріне өкілеттік ете отырып, мен аулаларды көркейту, көшелерді жарықтандыру, жолдарды жөндеу сұрақтарын шешуге белсенді қатысуға міндеттенемін.  
Студенттермен көпжылғы жұмысымның арқасында жоғары оқу орындары түлектерінің жұмысқа орналасуда кездестіретін қиындықтары туралы хабардармын. Біздің облыста жастардың жұмысқа орналасуын қамтамасыз етуге, жастар практикасы бойынша уақытша жұмыс орындарын құруға бағытталған іс-шаралар өткізіліп, жастар практикасына қатысушылардың еңбегіне ақы төлеу үшін бюджеттен қаражат бөлінеді.  Бізге жастарда қазіргі еңбек нарығында талап етілетін қажетті дағдылар мен машықтар қалыптасуына көмектесіп, жұмыс берушілерді кадрлар дайындау процесіне тартқан дұрыс. Депутаттар бұл сұрақтарды шешуге белсенді түрде ат салысулары қажет деп санаймын.
Құрметті жерлестер!
Облыстық мәслихат депутатына кандидат ретінде осы бағыттарды өзім үшін негізге алып, аталған мақсаттарға қол жеткізуге барлық күш-жігерімді саламын. Біз болашақты бірге құрудамыз, сондықтан біздің облысымыз бен еліміздің көркейіп, өркендеуі біздің өзіміздің  қолымызда.

Өмірбаян

Штергер Жанна Филипповна, ұлтым – неміс, 1969 жылдың 6 қарашасында Көкшетау облысында дүниеге келдім. 1980 жылдан бері Қарағанды облысында тұрып, жұмыс жасаймын. Тұрмыстамын.
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетін аяқтадым. Заңгер, қаржы бакалврымын.
Прокуратура органдарында қызмет атқарған 20 жылдық жұмыс тәжірибем бар. Қызметімді Шахтинск қаласы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастап, Қарағанды облысы прокуратурасы аппаратының жетекшісіне дейін жеттім. Отставкадағы әділет кеңесшісімін.
«Нұр Отан» партиясының мүшесімін.
Қазіргі уақытта «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС-нің Құқықтық бақылау департаментінің Ішкі бақылау және талдау басқармасының басшысымын.
Республикалық бюджет  қаражатынан төленді.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 280
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1094
count 88x31px