Қарағанды – Қызылорда өңіраралық кооперацияны дамытады - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Қарағанды – Қызылорда
өңіраралық кооперацияны дамытады
Қызылорда және Қарағанды облыстарының әкімдері өңіраралық кооперацияны дамытуға байланысты меморандумға қол қойды.
Мақсат – екі облыс арасында экономикалық-мәдени байланысты нығайту, өзара тәжірибе алмасу, өздерінде өндірілетін өнімдерді ұсынып, импорттың үлесін төмендету. Әрине, сапалы өнімге қай кезде де сұраныс бар. Ал, оған қойылған баға түпкілікті тұтынушының қалтасына қолайлы тисе, бұл – екі арадағы дәнекерлік істің оң нәтижесі.
Қонақтар Қызылорда облысы әкімдігінде орналасқан Ахуалды орталық қызметінің жұмысын көрді. Жобаның мақсаты – Қызылорда облысы әкімдігі қызметінің тиімділігін заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы арттыру. Атап айтқанда, орталық макроэкономикалық көрсеткіштерді болжамдау, әлеуметтік-экономикалық даму барысын мониторингтеу, талдау және болжау, қауіпсіздікті бағалау және экономика, қаржы, демография, өнеркәсіп, ақпарат және басқа да салалардағы тәуекелдерді басқару, қоғамдық-саяси ахуалды талдау жұмыстарымен айналысады.
– Елбасының тапсырмасына сәйкес, өңіраралық серіктестікті дамыту қажет. Біздің қарағандылықтардан үйренетін нәрселеріміз бар. Біріншіден, Қарағанды облысында металлургия өндірісі жақсы дамыған. Біз де оны қолға алып жатырмыз. Екіншіден, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Біз жақында буферлік аймақтан шықтық. Ет өңдеу, көкөніс өсіру бойынша қарағандылықтармен тәжірибе алмасуға болады, – деді Қ.Көшербаев.
– Соңғы 3 жылда Қызылорда облысының даму динамикасы өте жоғары. Сондықтан, біз осы жоғары даму қарқынының себебін білу үшін келдік. Өзара әріптестікке дайынбыз, – деді Н.Әбдібеков.
Қарағанды облысының әкімі Сыр өңіріне сапары барысында Қармақшы ауданындағы Қорқыт ата мемориалды кешенін және Байқоңырдағы ғарышкерлер мұражайын аралап көрді.
Сондай-ақ, аймақтың тарихымен танысу мақсатында Қызылорда қаласындағы облыстық-өлкетану мұражайына ат басын бұрды. Мұнан соң «Арай» сауықтыру кешенінің жұмысын көріп, «Жан-Арай» агроиндустриалды кешенінде болды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 384
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px