Ардагер – ардағым - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 05.12.2016

Ардагер – ардағым
Кеше облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ Қарағандыдағы «Arista» мейрамханасында Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесті. Мерекелік шара Ұлы Жеңістің 71 жылдығына арналды.

Іс-шараға облыстың қалалары мен аудандарынан шақырылған 45 ардагер қатысты.  
Аймақ басшысы ардагерлерге ақжарма тілегін арнады. Жерлестеріміздің майдан даласы және тылдағы көзсіз ерліктері жүрегімізде мәңгі сақталатынын айтты. Ұлы Жеңіс – батырлықтың және әрбір сарбаздың ержүректілігінің нәтижесі. Сондықтан, жеңісті жақындатқан жандарға құрмет көрсету – біздің парызымыз. Бұл сөздер жергілікті билік жұмысын жүргізуде басшылыққа алынады.
Кездесуге қатысушылар үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Бұған қоса, «Астана» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, генерал С.Камалетдинов, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысы А.Кукатов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Төреғожин және жас буын – Қарағанды қаласы мектептерінің оқушылары да ардагерлерге құттықтауын арнады.
Жалпы, Қарағанды облысынан майдан даласына 45 мың адам аттанса, соның, тек, 18 мыңы туған елге оралды. Жерлестеріміз Мәскеу, Ленинград шептерінде ерлік көрсетіп, Сталинград түбіндегі шайқаста жауға қарсы тұрды. Белоруссияны, Украинаны, Молдовияны және Балтық жағалауы елдерін жаудан азат етті. Қарағандылық 6587 жауынгер Ұлы Отан соғысындағы ерлігі үшін көптеген ордендермен, медальдармен наградталды. 18 жауынгер Кеңес Одағының Батыры атанды.
Ұлы Жеңіс күні қарсаңында жергілікті билік тарапынан ардагерлердің әлеуметтік мәселелерін шешу үшін көптеген іс тындырылды. Соның ішінде, медициналық қызмет көрсету, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, теміржол көліктері арқылы қатынау мәселелері қарастырылды.
Бүгінгі күні облыста Ұлы Отан соғысының 256 ардагері, 15054 тыл еңбеккері бар.  

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 155
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1089
count 88x31px