Қаржылық жүктемені мойнына алды - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Қаржылық жүктемені мойнына алды
Қуаныш АМАНҚҰЛОВ,
«Орталық Қазақстан»


«АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамы регресстік төлемдер бойынша қаржылық жүктемені өз мойнына алады. Бұл туралы кеше облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВТІҢ төрағалығымен өткен кездесуде мәлім болды.
Аймақ басшысы атап көрсет­кендей, бұл – өңір азаматтары үшін маңызды мәселе. Өткен жыл «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы үшін күрделі жыл болды. Бірақ, билік пен компания басшылығы бірлесе жұмыс атқарды. Тығырық­тан шығудың жолын іздеді. Ел Үкіметі өндіріс ошағының темір­жол арқылы жүк тасымалына, электр энергиясына төленетін шығын­дарына жеңілдіктер ұсынды. Жергілікті билік жұ­мыс­­шылардың жалақысын тұрақ­тандыру мәселесін оңтайлы шешті.   
Компанияның қаржы директоры Суроджит Гхош: «Сақтандыру компаниялары жұмыскерлерді бақытсыз жағдайлардан міндетті сақтандыру келісімдері бойынша міндеттемелерін орындаудан бас тартты. Осыған орай, «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамы регресстік төлемдер бойынша қаржылық жүктемені өз мойнына алады. Жұмысқа жарамдылығынан айырылған адамдардың алдында қалыптасқан қарыз қысқа мерзім ішінде өтеледі» деді.
Кешегі күннен бастап «АрселорМиттал Теміртау» АҚ 5-тен 29%-ға дейін жұмысқа жарамдылығынан айырылған тұлғаларға ай сайын төлем жасап тұруды жоспарлап отыр. Бұған дейін 691 адам осындай төлемақыдан уақытша шектетіліп келген.
Кездесуді қорытындылаған облыс басшысы Нұрмұхамбет Әбдібеков биыл компанияның қаржылық ахуалы жақсы боларына сенім білдірді. Себебі, 2016 жылдың бірінші тоқсанында өндіріс ошағы жоспарлы межені игерген.

Суретті түсірген Д.КУЗМИЧЕВ.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 225
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px