Ассамблеядан – тоғыз депутат - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 08.12.2016

Ассамблеядан –  тоғыз депутат
Рауан ҚАБИДОЛДИН,
«Орталық Қазақстан»

Жуырда ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Владимир БОЖКО Қарағанды облысына келіп, облыстық этно-мәдени бірлестіктердің басшыларымен, қоғамдық ұйымдар өкілдермен кездесті.

Шараны облыс әкімінің орынбасары Жандос Әбішев ашып, ол өз сөзінде халықтар достығының еліміз үшін аса құнды қазына екенін атап өтті. Татулық пен бірлік экономика мен қоғам тұрақтылығын сақтауға сеп болатынын жеткізді.
Кездесуге облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Ерлан Құсайын, облыстық этно-мәдени бірлестіктердің төрағалары мен өкілдері, облыстық ҚХА жанындағы ғылыми-сараптамалық топ және Аналар кеңесінің мүшелері, Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың «Қазақстан тарихы» және «Қазақстан Халқы Ассамблеясы» кафедрасы оқы­тушылары қатысты.
– ҚР Парламенті Мәжілісіндегі ҚХА депутаттық тобы туралы бірер сөз айта кетсем деймін. Өздеріңізге белгілі, сайлау өткізілді. Қазақстан Халқы Ассамблеясының тоғыз мүшесі депутаттыққа сайланды. Соның ішінде мен де бармын. Мәжілістің алғашқы пленарлық отырысында Парламент Мәжілісі Төрағасының ұсынуымен, төраға орынбасары болып тағайындалдым. Сонымен қатар, Парламент Мәжілісіндегі ҚХА депутаттық тобының жаңарған және кеңейтілген құрамы құрылды. Бүгінгі күні депутаттық топтың жетекшісі, жетекші орынбасары, хатшысы сайланды. Депутаттық топтың Ережесі, жұмыс жоспары, 31 депутаттан құрылған депутаттық топ құрамы бекітілді. 5 институционалды реформа бойынша да жұмыс топтары сайланғанын айта кету керек, – деді Владимир Божко.
Ақтөбеде болған жағдайды еске алған ҚР Парламенті Мәжілісі Төр­аға­сының орынбасары елімізде 100-ден астам ұлт пен ұлыс, 16 діни конфессия бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатқанын алға тартып, қазіргі жағдайда бірлігіміз одан сайын бекемденіп, экстремизм мен радикалды жағдайға төтеп беру керектігін жеткізді.
Атқарылып жатқан жұмыстар да айтылмай қалмады. Парламенттегі Қазақстан Халқы Асамблеясының арнайы тобы «Үлкен ел – үлкен отбасы», «Болашағы біртұтас ұлт», «Нұрлы болашақ», «Үш тұғырлы тіл»  және басқа да жобалар әзірлеп үлгерген.
Биылғы жылы ҚХА жанынан жаңа институт, сабағаттық-кеңесші орган – ҚХА депутаттық корпусының коллегиясы құрылды. Бұл шешім Ассамблея кеңесінің, ҚХА Хатшылығының әрқашан ҚХА құрылымдары мен этно-мәдени бірлестіктермен тығыз байланыста екенінің бір дәлелі.
Ал, ҚХА депутаттық тобы мен депутаттық корпус коллегиясының басты мақсаты – жалпықазақстандық «Мәңгілік Ел» патриоттық идеясы аясында қоғамдық бірлік пен келісімді дамыту мен нығайтуды заңды қамтамасыз ету болып табылады.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 560
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px