Астана форум – проблемалар түйіні - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 05.12.2016

Астана  форум –  проблемалар түйіні
Аяулым СОВЕТ,
«Орталық Қазақстан»  

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҰЭМ «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ басқарма төрағасы Әсет ЕРҒАЛИЕВ таяуда өтетін Астана экономикалық форумы жайлы ақпаратпен бөлісті.

– Биыл Астана экономикалық форумы (АЭФ) 25-26 мамырда өтеді. Форум әлемдік экономикадағы қауіп-қатерлердің алдын-алу мақсатында ұйымдастырылып отыр. «Жаңа экономикалық нақтылық: әртараптандыру, инновациялар және білім экономикасы» тақырыбы төңірегіндегі мәселелер қозғалады, – деді төраға.
Оның айтуынша, Астана экономикалық форумы мамыр айының 26-сы күні түскі сағат 3-те «Қазақстан» ОКЗ-да өтетін АЭФ-нің пленарлық отырысынан басталады. Экономикалық форум Еуропа елдеріне тікелей эфир арқылы көрсетіледі. Форум аясында 20-ға жуық шара өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, Астана экономикалық форумы – әлемнің120 елінің көшбасшылары, халықаралық сарапшы, ғалымдары, саяси және қоғам қайраткерлері, түрлі қаржы институттары мен бизнес-қоғамдастықтар өкілдерінің жаһандық мәселелерді талқылауға бағытталған сұхбат алаңы. Алғаш 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 167
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1089
count 88x31px