Асығы алшысынан түскен алты форум - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Асығы алшысынан түскен алты форум


«Астана – Еуразияның алтын қақпасы.
 Осы қақпадан аттаған әрбір инвес­тор өзінің  бизнес мүмкіндігін ғана кеңейтіп қоймай,  Қазақстанның жаңа астанасын құрушылардың  тарихи шеңберіне енеді».

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.
Әлем көз тіккен әсем қала – Астана күн өткен сайын сәніне салтанаты жарасып-ақ келеді. Бір кездері мидай ашық иен далада шаттығы шалқыған шаһар пайда болды. Есілдің жағасын ел ен жайлай бастады. Бой көтерген жас қала – һас бас қалаға айналды. Әлемді тамсандырған Астана – Тәуелсіздіктің нақ нышанына айналды.  Бүгінде Астана – елорда жүрегі ғана емес, экономикалық әлеуеті мықты әлемдік деңгейдегі қаржылық һәм бизнес  орталық. Оған - кейінгі 5 жылда  Астанада өткен алты халықаралық инвестфорум дәлел. Сондай-ақ, елордада жайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыру үшін 2002 жылдан бастап «Астана жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеп тұрғанын атап өткен жөн. Форум жылнамасына үңілсек, жыл сайын ұйымдастырылуы дәстүрге айналған  халықаралық шара Астананың экономикалық қуаттылығын арттыра түскен көрінеді. Алты форумның Астанаға берген игілігі көп екен...
 
2010 жыл.  «Astana Invest  2010» І Халықаралық инвестициялық фо­румы аясында бірқатар игілігі зор меморандумдарға қол қойылды. Атап айтқанда,  Fortistmoore Holding LTD компаниясы  арасында ынтымақтастық жөніндегі,  Астана қаласы әкімдігі мен Пекин сәулет-құрылыс саласындағы жауапкершілігі  шектеулі компаниялар тобы арасында  ынтымақтастық жөніндегі, «Казкомплект» инвестициялық компаниясы»   ЖШС мен Fortistmoore Holding LTD  компаниясы арасындағы көптеген   меморандумдарға қол қойылды. Нәтижесін жылдар көрсетті. Осы ынтымақтастық арқасында Астана дамудың даңғыл жолындағы іскерлігін жалғастыра түсті.
2011 жыл.  II Халықаралық инвестициялық «Astana Invest 2011» форумы IV Астана экономикалық форумы шеңберінде форумы қатысушыларына инфрақұрылым және энергетика, мәдени және спорт нысандарымен білім беру, денсаулық сақтау салаларында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде нақты инвестициялық астаналық жобалар көрсетілді.
500-ден астам делегат қатысты, олардың арасында Еуропадан, АҚШ-тан, Оңтүстік-Шығыс Азиядан және Парсы шығанағы елдерінен негізгі қаржы сарапшылары, сонымен қоса орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұлттық компаниялардың, даму институттарының, шетелдік компаниялардың, қаржы институттарының, Астанадағы ірі және орта бизнестің өкілдері бар. Құны 2,5 млрд. доллардан асатын сомадағы келісімдер мен меморандумдар жасалды.
2012 жыл. V Астана эко­номикалық форумы аясында "Astana­Invest 2012" ІІІ Халықаралық форумы ұйымдастырылды. Әлемнің 23 елінің 700-ден астам өкілі қатысты. Олардың қатарында халықаралық бизнес-элита өкілдері, Еуропа, АҚШ, Оңтүстік-Шығыс Азия және Парсы шығанағының қаржы сарапшылары, Қазақстанның және шетелдің ұлттық компанияларының, мемлекеттік басқару орындарының, даму институттарының мамандары, ірі және орташа бизнес жетекшілері бар.
2013 жыл.  Тәуелсіздік сарайында VI Астана экономикалық форумы IV Халықаралық «Astana Invest 2013» инвестициялық форумы өтті. Форумның мақсаты – әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясының аясында әлемдік нарыққа «Астана –  Қазақстанның елордасы» инвестициялық климатты одан әрі жақсарту және брендті қаласында отандық, шетелдік инвестициялар ағымын қалыптастыру және ілгерілету, ынталандыру.
Форумда 500 қатысушы жиналып, оның нәтижесінде әлеуетті инвесторлармен 1,5 млрд. долларға ынтымақтастық туралы 10 меморандумға қол қойылды.
2014 жыл.  VII Астана экономикалық форумы шеңберінде «Астана Invest 2014» V Халықаралық инвестициялық форумы болды. Форумда Қазақстанның елордасын инвестициялауға, Астананың топ «ақылды қалаларының» рейтингіне енуі және қаланың инфрақұрылымын «EXPO-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмені өткізуге дайындауға байланысты мәселелер талқыланды.
Бұдан басқа, Форум қонақтарына Бірыңғай индустриялық-инновациялық көрмесі шеңберінде және Астана қаласының Индустриалдық паркіне бару кезінде елорданың инвестициялық жобаларымен танысуларына мүмкіндік туды.
 Форум аясында жалпы сомасы 500 млн. доллар болатын 11 меморандумға қол қойылды.
2015 жыл. Тәуелсіздік сарайында «Astana Invest-2015» VІ халықаралық инвестициялық форумы  жұмысын бастады. Форумның күн тәртібіне Астананың, сондай-ақ, бүкіл Қазақстанның инвес­тициялық мүмкіндіктері шығарылды.
Форумға миллиардер Джим Роджерс, «fDi» журналының бас редакторы Кортни Фингар, жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің авторы Ксавьер Сала-и-Мартин, SYSTRA компаниясының Шығыс Еуропа бойынша директоры Алан Годри, Сингапурдің өмір сүруге қолайлы қалалары орталығының директоры О Туан Ки, World Free Zones Organization компаниясының бас директоры Самир Амруни және өзге де белгілі тұлғалар қатысты. Ал, әлемдік дәрежеде танымал коучерлер шеберлік сыныптарын өткізіп, инвесторларды тарту және ақша табудың қыр-сырымен бөлісті.

Дайындаған
Қызғалдақ АЙТЖАНОВА.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 771
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px