Атқарылған іс – айтуға тұрарлық - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 07.12.2016

Атқарылған іс – айтуға тұрарлық
Рауан ҚАБИДОЛДИН,
«Орталық Қазақстан»
Жуырда Кеншілер мәдениет сарайының ғимаратында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оралды ТӨРЕҒОЖИННІҢ қатысуымен ардагерлер ұйымының VIII есеп беру-сайлау конференциясы өтті.
Аталған конференцияға қалалық және аудандық есеп беру-сайлау жиын­дары кезінде 75 делегат сайланған. Делегаттар мен шақырылғандар ара­сында Ұлы Отан соғысының 9 ардагері бар. Бұдан бөлек, 9 тыл еңбеккері, 53 еңбек ардагері, 3 адам ішкі істер органының, Қарулы Күштердің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагерлері.
– Ардагерлер ұйымы қоғамдық жұ­мыс­тарға белсене қатысады. Сіз­дердің тәжірибелердің арқасында көптеген әлеу­меттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Сіздердің әрқай­сыларыңыз бір-бір тарих, бір-бір шежіресіздер, – деді Қарағанды облысы әкімі аппаратының жетекшісі Жанат Ысқақов.
Конференция барысында  кеңес төрағасы Оралды Төреғожин облыстық ардагерлер кеңесінің есепті мерзімдегі жұмысы туралы баяндама жасады.
Белгілі болғандай, бүгінгі күні 55 делегат мемлекеттік наградалармен мара­пат­талған. Мұның арасында Халық­аралық инженерлік ғылым­ академиясының 1 академигі, 3 еңбек сіңір­ген қыз­меткер, қалалар мен аудан­дардың 10 құрметті азаматы бар. Конферен­цияның 31 делегаты зейнеттік еңбек демалыс­ында жүріп, басқару орган­дарында, ком­мерциялық және ком­мерциялық емес құрылымдарда, қоғам­дық ұй­ым­­дарда жұ­мыс жасауды жалғас­тыруда.
Барлық 20 қалалық және аудан­дық кеңестердің  жетекшілері жаңар­тылды. Бірқатар ардагерлер ұйымдарында  же­текші болып мемлекеттік қызметтерде болған тәжіри­белі «жас» зейнеткерлер келген.
Тағы бір айта кететіні, Қара­ғанды облысының ардагерлері саны бойынша республикада 4-ші, май­данға қатысқандар саны бойынша 2-ші орында тұр екен.
Ұйым жұмысы да жөнге қойыл­ған. Бірқатар қалалық және аудандық кеңестердің жұмыс жағдайы жақсар­тылды. Ақтоғай, Жаңаарқа, Нұра аудан­дарында Ардагерлер үйлері,  Теміртау қаласында Ардагерлер клубы ашылды. Балқаш, Жезқазған, Қара­ғанды, Қаражал қалаларындағы арда­герлер кеңестеріне қосымша бөлме­лер беріліп, кеңсе техни­ка­лары жаңартылды.
Есепті мерзім ішінде облыстық кеңес­тің 5 пленумы, 26 президиум от­ырысы өтіп, 483 мәселе қарал­ған. Еліміздің ардагерлер активі­нің республикалық байқау-кеңесі, облыстық және аудандық кеңес­тер төрағаларының, тұрақты ко­мис­­сиялар төрағаларының Жаңа­арқа аудандық ардагерлер кеңесінің база­­сындағы көшпелі семинар-кеңесі өткізіл­ген.
Облыс орталығында, Балқаш, Темір­тау, Приозерск қалаларында, Абай және Нұра аудандарында тұратын 8 май­дангерге пәтер берілген. ҰОС қатысқан 39 ардагер мен мүгедектердің пәтерлеріндегі ішкі жылу жүйесі жаңартылған.
Сонымен бірге, конференцияда об­­лыстық ардагерлер кеңесінің жаңа құ­рамы, «Ардагерлер ұйымы» РҚБ VП съезіне делегаттар сайланды.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 251
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px