Ауыл шаруашылығына – ауқымды қолдау - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Ауыл шаруашылығына – ауқымды қолдау
Нұрқанат ҚАНАФИН,
«Орталық Қазақстан»

Биыл аймақтағы ауыл шаруашылығын қолдауға қомақты қаржы қарастырылып отыр. Жалпы сомасы – 8,4 млрд. теңге мал бағып, дән сепкен ағайынның шаруасын дөңгелетуге жұмсалмақ. Бұл туралы бейсенбі күні өткен баспасөз мәслихатында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Бауыржан АСАНОВ айтып берді.

Брифингке басқарма басшысымен қатар, «ҚазАгроҚаржы» АҚ облыстық филиалының директоры Бисара Дүйсембаева, «Аграрлық несиелік корпорация» АҚ облыстық филиалының директоры Мирас Төлешев және Нұра ауданындағы «Шахтерское» шаруа қожалығының жетекшісі Георгий Прокоп қатысты.
Аталған қаржы аймақтағы агроөнеркәсіп кешенін қанаттандыруға жұмсалуда. Үстіміздегі жылы өсімдік шаруашылығына 2 млрд. теңге бағытталған. 4,4 млрд. теңге мал шаруашылығына қарастырылуда. Мемлекеттік қолдау нәтижесінде өңірдегі мал саны артып келеді. Былтырғымен салыстырғанда, ірі қара – 2,6 пайызға, қой – 4,3 пайызға, жылқы – 1,3 пайызға және шошқа – 29 пайызға артқан.
Мемлекеттік қолдау механизмдері, яғни, «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламалары  арқылы асыл тұқымды мал көбеюде. 4917 ірі қара малы, 786 жылқы, 5579 қой сатып алынған.
Субсидия тұрақты төленіп келеді. Мәселен, қайта өңдеу кәсіпорындарына жіті назар аударылуда. Өткен жылы сүт өнімін шығаратын кәсіпорындар шикізатын арзандату мақсатында 89 млн. теңге бөлінді. Биыл аталған салаға 88 млн. теңге бағытталмақ.
Сондай-ақ, биыл агроөнер­кәсіп кешенінде 39 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. Жобалардың құны – 35 млрд. теңгеден астам соманы құрайды. 1155 жаңа жұмыс орны ашылмақ. 2015-2019 жылдарға бағытталған Индустриаландыру картасына құны 25 млрд. теңге болатын 10 инвестициялық жоба кіріктірілді. Оның бесеуі биыл іске қосылады. 374 жұмыс орны құрылады.
Брифингте тілшілер қауымы сауалдарын ортаға салды. Георгий Прокоп өз тәжірибесімен бөлісіп, ауыл шаруашылығын өрістетудегі ойын жеткізді.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 259
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px