Ауылда амбулатория ашылды - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Селолық дәрігерлік амбулатория «350 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункт және емхана», «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламалары арқылы салынған. Құрылыс жұмыстарына республикалық және облыстық бюджеттен 113 млн. 300 мың теңге бөлінген. Президент тапсырмасын орындай отырып, жергілікті билік органдары емдеу мекемелері желісін дамытып, халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру үшін барлық жағдайды жасауда.

Петровкадағы дәрігерлік амбулатория бір қабатты ғимаратта орналасқан. Мұнда құрамына педиатр кабинеті, егу кабинеті, «ана мен бала» кабинеті және сүзгі-боксы бар педиатрлық блок та бар. Амбулатория қажетті медициналық қондырғылармен толықтай жабдықталған.

Мұнда 2439 адамға қызмет көрсетіледі. Олардың арасында 797 бала бар. Қуаттылығы – күніне 20 адамға қызмет көрсетуге шақталған. Жалпы тәжірибе дәрігері, балалар медбикесі, терапевтік медбике, акушер және лаборант мамандар ел денсаулығын қорғауға жұмылған.

Жаңа ғимарат барлық санитарлық талаптарға сай бой көтерді. Жаңа амбулаторияда жабдықтау нормаларына қажетті медициналық қондырғылар орнатылған.

Жалпы, биыл Қарағанды облыс бойынша селолық елді мекендерде 27 амбулатория салу жоспарланған. Бүгінгі күні Абай, Нұра, Бұқар жырау аудандарында 4 дәрігерлік амбулатория іске қосылып, халыққа қызмет көрсетуде.

Ал, қалған амбулаториялардың құрылыс жұмыстары бекітілген кестеге сай жүргізілуде. Нысандардың әзірлігі 90-95%-ды құрайды.

 

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 644
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px