«ҚАЗАҚМЫСТА» – АУЫС-ТҮЙІС - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 05.12.2016

«ҚАЗАҚМЫСТА» – АУЫС-ТҮЙІС
Амандық РАХҰЛЫ,
«Орталық Қазақстан»
«Қазақмыс» компаниясы» басшылығында қызметтік ауыс-түйіс жасалды. «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы лауазымына Бақтияр ҚРЫҚПЫШЕВ тағайындалды. Ол бұған дейін аталмыш корпорацияның бас директоры болатын.
Қарағанды политехникалық институтын 1995 жылы  бітірген. Б.Қрықпышев еңбек жолын «Жезқазғантүстімет» өндірістік бірлестігіне қарасты Шығыс Жезқазған кенішінде бастаған еді. Ол жұмысшы мамандығынан бастап, тау-кен шеберінен учаске бастығына, одан кейін шахта бас инженеріне дейінгі барлық жолдардан өтті. Жезқазған кен-металлургия комбинатының бас инженері, техникалық директоры, Жомарт кенішінің директоры болды. «Жезқазғантүстімет» ӨБ, Бозшакөл комбинатының, «Қарағандытүстімет» және «Балқаштүстімет» өндірістік бірлестіктерінің бас директоры  қыз­меттерін абыроймен атқарды. Бақтияр Әбдірахманұлы енді Басқарма төрағасы ретінде Үкімет пен Парламенттің, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы орталық және жергілікті мемлекеттік атқарушы органдарының алдында іргелі компанияның өндірістік-қаржылық, шаруашылықтық-құқықтық мәселелеріне жауап беріп, мыс алыбының стратегиялық даму жолындағы жобалары мен жоспарларын тікелей үйлестіретін болады.
Эдуард Огай болса бұған дейін де қосымша атқарып келген «Қазақмыс» компаниясы Директорлар кеңесінің төрағалығына бекіді.
 ЖЕЗҚАЗҒАН қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 290
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1089
count 88x31px