«Қазақстан – әрбір ғарышкердің екінші отаны» - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

«Қазақстан – әрбір ғарышкердің екінші отаны»
Рауан ҚАБИДОЛДИН,
«Орталық Қазақстан»


Апта соңында Қарағандының «Сарыарқа» әуежайында облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ Халықаралық ғарыш стансасынан ажырап, Қазақстан жеріне аман-есен қонған «Союз ТМА-19» басқару ғарыш кемесінің экипажымен кездесті. Естеріңізге сала кетейік, экипаж құрамы жарты жыл бойы халықаралық ғарыш станциясында жұмыс істеп, өткен жылы 15 желтоқсанда Байқоңырдан ұшқан еді.
Алайда, баспасөз мәслихат­ына үш ғарышкер арасынан тек кеме командирі, «Роскосмос» ғарышкері Юрий Маленченко ғана қатыса алды. Облыс әкімінің айтуынша НАСА ғарышкері  Тимоти Копр мен ЕКА ас­тронавты Тимоти Пик бұл кезде меди­циналық емшара алып жатты.
– Міндет ойдағыдай орын­далды. Қонақтарымызға қош келдіңіздер дей отырып, барлығы ойдағыдай өткеніне, ешқандай ауытқушылық болмағанына шын жүректен қуаныштымыз дегім келеді. Әрине, ұзақ уақыт ғарышта болғаннан кейін, жердегі өмірге бірден үйренісіп кету оңай емес екенін түсінеміз. Барлықтарыңыздың тездетіп қалыпқа келулеріңізге тілектеспіз, – деді аймақ басшысы.
Британдық Тимоти Пик, ресейлік Юрий Маленченко мен америкалық Тимоти Копр 186 күн Халықаралық ғарыш стансасында жұмыс істеді. Тимоти Пик ХҒС-ға барған алғашқы британдық астронавт. Жарты жылдық сапарында ол Британ тарихында тұңғыш рет ашық ғарышқа шыққан астронавт болды. Ол Лондон марафонын салмақсыздық жағ­дайында жүгірді.
– Қос ғарышкер жуық арада қалыптарына келіп, өздерін ұшарға дейінгі кездеріндегідей сезінетін болады. Ол үшін алаңда­маңыздар. Ал, ұзақ сапардан кейін Жерге, оның үстіне Қазақстан жеріне оралу қашан да қуанышты жағдай. Қазақстан – әрбір ғарышкердің екінші отаны. Осы жерден біз ғарышқа ұшып, осы жерге ораламыз, – деді кеме командирі Юрий Маленченко.
Дәстүр бойынша қонақтардың иығына шапан жабылып, кәдесый жасалды.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 698
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px