БӘРІН ДЕ ҚАРАЖАТ ШЕШЕДІ ДЕГЕНМЕН... - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 08.12.2016


БӘРІН  ДЕ  ҚАРАЖАТ  ШЕШЕДІ  ДЕГЕНМЕН...
Төрехан МАЙБАС,
«Орталық Қазақстан»
Кеше облыстық әкімдіктің ғимаратында облыстық мәслихаттың депутаты  Нұржан ИМАНОВТЫҢ  төрағалығымен облыстық мәслихаттың құрылыс, транспорт және коммуналдық шаруашылық жөніндегі тұрақты комиссиясының бірінші отырысы өтті. Оның жұмысына облыстық мәслихаттың хатшысы Рысқали Әбдікеров, тиісті қызмет басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Онда мына мәселелер қаралды.
1.Қарағанды облысының автомобиль жолдарының даму жағдайы және перспективасы туралы.
2.Қарағанды облысының қалалар мен елді мекендеріндегі жасыл желекті және территориялар сәулетін сақтау және қорғаудың Ережесі туралы.
3.Қарағанды қаласының қоғамдық транспортындағы жолаушыларға қыз­мет көрсетудің жайы және одан әрі жақсартудың шаралары туралы.
4.Қарағанды облысының 2011-2015 жылдарға арналған «Қолжетімді үй – 2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың барысы туралы.
Бірінші  мәселе бойынша   об­лыстық жолаушылар транспорты және автомобиль жолдары басқар­масының басшысы Ә. Санаубаров баяндады.
Баяндамашы айтқандай 2016 жылы Қарағанды өңірінің транспорттық инфрақұрылымын дамыту аясында 38,2 млрд.теңге қаржы жоспарланған, бұл қаражатқа жалпы пайдаланыстағы 510 шақырым автомобиль жолдары жөнделмек. Облыстың жол картасына орай республикалық маңызы бар автожолдың 231 шақырымына жөндеу жұмыстары жүргізіледі, оның ішінде 93 шақырымы қайта жарақталады, 22 шақырымы күрделі жөндеуден өтеді, 116 шақырымына орта жөндеу жүргізіледі.(30,6 млрд.теңге). Облыстық маңызы бар 219 шақырым жол жөнделеді, оның ішінде 9 шақырымы қайта жарақталады, 2 шақырымы және бір көпір күрделі жөндеуден өтеді, 208 шақырымына орта жөндеу жүргізіледі (4,067 млрд.теңге). Аудандар мен қалалардың мақсатты трансферттері бойынша 32 шақырым жол жөнделеді (660,4 млн.теңге, Ақтоғай, Шет, Жаңаарқа аудандары және  Қаражал, Теміртау, Жезқазған, Саран қалалары). Қарағанды қаласы бойынша облыстық бюджеттен бөлінген трансферт 3,553 млрд.теңгені құрайды, 28 шақырым жол жөнделеді. Оның ішінде 2000 жұмыс орны ашылмақшы. Жолдың жарамдылығы 75 пайызға жеткізілмекші. Сондай-ақ Абай, Ақтоғай, Шет, Жаңаарқа аудандары және Қаражал, Теміртау, Жезқазған, Сәтбаев қалаларының жол жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 660,4 млн.теңге трансферт көзделген.
Қарағанды қаласының жүктемесін жеңілдету мәселесі ойластырылуда. Соған орай Қарағанды қаласын айналып өтетін бес жол анықталған. Олар – Теміртау-Қарағанды бағыты (14,6), Солтүстік айналма (15,6), Шығыс айналма (33) жолдары.
Екінші мәселе бойынша облыстық  энергетика және тұрғын үй-коммунал­дық шаруашылық басқармасының басшысы Қ. Бегімов баяндады.
Қарағанды облысының қалалар мен елді мекендеріндегі жасыл желекті және территориялар сәулетін сақтау және қорғаудың Ережесі туралы құжаттар барлық деңгейдегі әкімдіктер мен тиісті қызметтерге жолданған. Талдаудан да өткен. Оның толық нұсқасы «Компас» газетінде жарияланған.
Осы жерде өз тарапымыздан мынаны айта кеткіміз келеді. Аталмыш газетті екінің бірі оқи бермейді. Және оның таралымы қаладан аспайды. Олай болатын болса оның толық мәтіні облыстық басылымдарда, аудандық газеттерде басылуы керек деп білеміз.
Үшінші мәселе бойынша Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары А.Жұме­кенов баяндады.
Қарағанды қаласы бойынша 57 қала­лық және 11 қалааралық ма­ршрутқа 9 жолаушылар тасымалы қызметі тартылған. Күн сайын бұл бағыттарға 580 автобус шығады, 376 мың адам тасымалданады, оның 35 пайызы әлеуметтік жүру жеңілдіктерін пайдаланады (133 мың).
2016 жылғы бірінші тоқсандағы жолаушылар тасымалының реттілігі 76 пайызды құрады. Тиісті қызметтермен бірге тұрақты түрде рейдтік шаралар жүргізіледі. Жыл басынан бері сондай 14 рейд өтті. Жолаушылар тасымалы қызметін жақсартудың тағы бір жолы жылжымалы құрамның жаңарып отыруы. Бүгінде жолаушылар тасымалындағы автобустардың орта жасы 9 жылды құрайды. Автопарктер өндірістік базаларын жаңарту жұмыстарын үзбеуде. Соған қарамастан ойластырар мәселелер баршылық. Жүргізушілердің шылым шегуі, жылдамдықты шамасыз арттырулары, ұялы телефондармен сөйлесуі, жолаушылармен дөрекі тәжікелесуі, бірыңғай форманың болмауы әлі түбегейлі шешіліп болған жоқ. Осындай жайттардан барып бірінші тоқсанда 5 жол оқиғасына жол берілген. Оның үшеуіне тікелей жүргізушілер себеп болған. Кей маршруттардың залалмен жұмыс істейтіні белгілі. Оны жергілікті бюджет өтейді. Өткен жылы бұл мақсатта 147 млн. теңге қаржы жұмсалған. Биыл бұл мақсатқа 96 млн. теңге бөлінген.Оның себебі қала шашыранды орналасқан. Қала негізінен бес аймақтан – Майқұдықтан, Сұрыптаудан, Пришахтинскіден, Оңтүстүстік-Шығыс­тан және қаланың өзінен тұрады. Бұларды бір-бірімен жолаушылар транс­портымен байланыстыруда іркіліс­тердің болуы сөзсіз. Сол себепті ол да бақылауға алынған.
Отырыстың күн тәртібіне шығарыл­ған төртінші мәселе төрағаның ұсынысымен алынып тасталды. Ол мәселені келесі отырыста дербес қарау керек деп шешті.
Отырыс барлық қаралған мәселе­лер бойынша тиісті шешімдер қабыл­дады.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 269
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px