Балалардың қуанышын бөлісті - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Балалардың қуанышын бөлісті
Кеше, Балалардың халықаралық күнінде, облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ «Әсем» балалар үйіндегі мерекеге қатысты.

Аймақ басшысы балалар үйіндегі медициналық орта­лық­ты көріп, балалардың тыныс-тіршілігімен танысты. Тәрбие­ленушілердің жетістіктерін де назардан тыс қалдырмады. Сондай-ақ, тәрбиеленушілер мен балалар үйінің қызметкерлері әзірлеген мерекелік іс-шараға қатысты.
Аймақ басшысы өз құттық­тауында:
– Балалық шақ – адам өмірінің ең шуақты, ең бақытты кезеңі. Сондықтан, біз үшін балалардың амандығынан асқан байлық жоқ. Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен Сіздер үшін, өмірлеріңіздің сәнді болуы үшін барлық жағдай жасалуда. Сіздер, осынау үлкен шаңырақта бір үйдің балаларындай тату-тәтті өмір сүріп жатырсыздар, – деді.
Бұған қоса, Нұрмұхамбет Қанапияұлы балалар үйінің қыз­меткерлеріне тынымсыз ең­бектері үшін алғыс айтты. Жазғы сауықтыру және демалысты тиімді ұйымдастыру үшін 7 млн. теңге көлеміндегі сертификатты, бағалы сыйлықтарды – теледидар, ноутбук және спорттық жабдықтарды табыс етті.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Суретті түсірген Д.КУЗМИЧЕВ.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 419
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px