Бір шаңырақ астында - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 10.12.2016

Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы ХХІV сессиясында: «Біз достықты қазақстандықтардың барлық буынының басты игілігі ретінде сақтай білдік. Біздің бірегей жолымыз – тең құқықтылық, бір шаңырақ астында өмір сүретін барлық этностың бірлігі мен келісімі халықтың тілек-қалауымен таңдалды. Қазақстан халқы Ассамблеясы – Тәуелсіздік жемісі» деген болатын. «Тәуелсіздік. Келісім. Болашақтағы біртұтас ұлт» сессиясын кеңінен талқылау мақсатында Қарағандыда Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған дөңгелек үстел өтті.

 

«Ассамблея –

Тәуелсіздік жемісі»

Жиынға Қарағанды облыстық дін істері басқармасының басшысы Қ.Нұркенов, Қарағанды облысы әкімдігі жанындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Е.Құсайын, мемлекеттік органдар және азаматтық қоғам институттарының, діни және этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Жиналғандар Қазақстан халқы Ассамблеясы ХХІV сессиясында қабылданған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық Патриоттық актісін талқылады. Этноконфессиялық тұрақтылық және халық бірлігін нығайту аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының бүгінгі таңдағы жетістіктерін атап өтті. Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Жамбыл Жұмабеков: «Біз мемлекеттік аппаратта әрдайым этникалық әралуандық болуы үшін бұл жұмысты жалғастыра беретін боламыз», – деген Елбасының сөзін назарға алып, болашақта облыстық Ассамблеяның ықпалымен этностардың мәдениеті, әдет-ғұрыптарын, этносаралық қарым-қатынасын дамытуға бағытталған түрлі шаралар ұйымдастырылатынын жеткізді.

Сөз алған Қарағанды облысы әкімдігі жанындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығынң басшысы Е.Құсайын Елбасы Н.Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін қабылдаудағы «Халық өмірі оның келесі ұрпағымен жалғасып отырады. Сондықтан, халықтың мәңгілігі туралы арманнан асқақ арман жоқ. Мәңгілік Ел – бұл ертеңгі күнге есік ашатын, болашаққа сенімді арттыратын идея, бұл – кері қайтпайтын және берік тұрақтылықтың символы...» сөзін тілге тиек етті. Сондай-ақ, ол, облыстық ҚХА қызметі 2020 жылға дейін Қазақстан халқы Ассамблеясын дамыту концепциясы бойынша жүзеге асатындықтан алдағы уақытта өткізілетін шараларды атап өтті.

Дөңгелек үстелге қатысушылар «Мәңгілік Ел, бұл – Тарихтың, Мәдениет пен Тілдің ортақтығы. Біз ортақ тарихи мұрамызды мұқият сақтайтын боламыз. Біз Қазақстан халқының мәдени әралуандығын арттыра түсеміз...» деген Елбасының «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін қабылдаудағы сөзімен жиынды аяқтады.

 

Татулығы жарасқан...

Сол күні облыстық Ассамблеяның мұрындық болуымен Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-де Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының арнайы орталығы ашылды.

Ғылыми орталықтың ашылуына дәнекер болған доцент Салауат Кентбеков: «Тұсауы кесілген Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының арнайы орталығы – Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында өзімізді қуатты әрі табысты мемлекеттің азаматымыз деп мақтанышпен айта алатынымызға тағы бір дәлел» деп атап өтті. Ғалымнан дәріс алатын Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің тарих факультетінің «Серпін» бағдарламасы негізінде білім алатын студенттер Елбасының «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік тілдің ұлттық бірлікті сақтаудағы рөлін атап өтіп, көпшілікке «Ерке сылқым», «Қыран» күйлерін тарту етті.

Шараны ашқан Қарағанды облысы әкімдігі жанындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Е.Құсайын: «Облысымыз 100-ден астам этнос өкілі тұратын Қазақстандағы үлкен аймақтың бірі. Бұл ретте, Қарағанды облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылдың наурыз айында құрылып, бүгінгі таңда ауыз толтырып айтарлық ауқымды шараларды ұйымдастыруға мұрындық болды. Этно-мәдени ұйымдарға жан-жақты қолдау көрсетіп, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын сақтап қалу мақсатын көздейді», – деді. Шараға қатысқан университеттің біршама ғалымдары, студенттер қауымы – «Мәңгілік Ел» аясындағы өзара пікірлерімен бөлісті.

Жамбыл ЖҰМАБЕКОВ: Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі:

Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында ашылған орталық алдағы уақытта этносаралық толеранттылықтың қазақстандық үлгісін дәріптеу мақсатында ауқымды жұмыстар атқарады. Алдағы уақытта Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ -де қорғалатын ғылыми жұмыстардың біршамасы – осы тақырыптарды қозғайды. Студенттер этностардың мәдениетін, тілдерін, әдет-ғұрыптарын дамыту жөнінде тереңірек ізденеді.

Сондай-ақ, жиында сөз алған Қарағанды облыстық Қазақстан халықтары Ассамблеясы ғылыми- сараптамалық тобының төрағасы В.Молотов-Лучанский: «Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамына қарағандылық 21 өкіл – облыстық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, дінбасылары мен облыстың бетке ұстар азаматтары бар. Облыстағы қалалар мен аудандарда ашылған 74 этномәдени бірлестікте 100-ге жуық шығармашылық ұжым жұмыс істейді. Болашақта осы қарқынмен бағыт алған облыстық Ассамблеяның жұмысына жоғары оқу орындарының ғалымдары, студенттерінің де атсалысатынына сенеміз», – деп кафедраның жұмысына сәттілік тіледі.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 168
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1095
count 88x31px