Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 18.08.2017

Бірінші  байлықты бағалағандар
82-қадам. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ ҚАСЫНАН МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫ БОЙЫНША БІРЛЕСКЕН КОМИССИЯНЫ ҚҰРУ.

Басты мақсат: медициналық қызмет көрсетудің алдыңғы қатарлы стандарттарын енгізу (емдеу хаттамалары, кадрлар әзірлеу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, сапаны және қолжетімділікті бақылау).
Облыс орталығындағы №5 емхана 2010 жылы үш отбасылық-дәрі­герлік амбулаторияны қосу нәтижесінде ашылған болатын. Денсаулық сақтаудың 2016-2019 жыларға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыс жүргізілуде. Мұнда бастысы – адамның өз денсаулығына деген жауапкершілігін арттыруға сеп болу.  Бүгінде емханадағы 100 дәрігер мен 200 медициналық қызметкер 58 мыңнан астам адамға қызмет көрсетеді. Ең әуелгі қадам – учаскелік дәрігерге жазылу, дәрігерді үйге шақырту үшін емхананада бес телефон нөмірі жұмыс істейді. Көпканалды 35-97-37 телефон нөмірі бар. Өткен жылдың наурызынан бері кешенді медициналық ақпараттық жүйе енгізілген. Онда келушілерді алдын ала жазу, үйге шақырту дәрігердің жеке кабинеті арқылы жүргізіледі. Сонымен қатар, дәрігердің қабылдауына терминал арқылы да жазылуға болады. Онда жазылудың егжей-тегжейлі нұсқаулығы көрсетілген. Егде жастағы адамдар, мүмкіндігі шектеулі жандар мен диспансерлік науқастар үшін арнайы тіркеу бөлімі мен бекітілген тіркеуші маман қызмет көрсетеді. Ол осындай келушілерді қабылдау мен одан әрі қарайғы іс-әркетін анықтап беруге жауапты. Кез келген адам үйден шықпай-ақ емхананың http://www.emhana5.kz сайтына кіріп, «Дәрігердің қабылдауына жазылу», «Дәрігерді үйге шақырту», «Рецептке тапсырыс беру» модульдерін таңдау арқылы керекті қызметке сұраныс бере алады. Сондай-ақ, сайттағы «Директордың блогы», «Сұрақ-жауап» модульдері халықпен кері байланыс орнатып, мәселелер болса анықтап, оны шешуге сол арқылы көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттыруға әсері мол.
Әдетте кезек көп болатын зертхана, дәрігерге дейінгі, ем шара, әйелдер мен ерлердің қарау кабинеттеріне электрондық кезек жүйесі енгізілген. Жедел жәрдем қызметі белгілеген науқастарды, бір жасқа дейінгі балалар, жүкті және ай-күні жақындағын әйелдерді қадағалап тұратын мобильдік фельдшерлік бригада жұмыс істейді. Бұл – халықтың денсаулығын бақылап, келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатындағы шаралардың бірі. Емханада бір мезгілде төрт кабинетте  қан тапсыруға мүмкіндік бар. Осы мақсатта балалар мен жүкті әйелдер үшін бекітілген арнайы кабинеттер бөлінген. Жедел қызмет көрсету кабинетінде кезекші дәрігер алдын ала жазылусыз жедел медициналық қызмет көрсетеді.   
Сенбі күндері бейіндік мамандар қабылдауына алдын ала жазылусыз «Ашық есік күндері» өткізіледі. Бір жасқа дейінгі балаларды қарауға сейсенбі және бейсенбі күндері белгіленген. Бұл сәбилердің ересектермен қатар болмауын реттеуге негіз болады. Демалыс және мереке күндері кезекші дәрігерлер сағат 09.00-14.00 аралығында бір жасқа дейінгі балалар, жүкті және айы-күні жақындаған әйелдердің денсаулығын қарайды.  Жалпы, емханада ана-бала денсаулығына баса көңіл бөлінген.  
Қазіргі таңда жауапкершілік жүгі бейіндік мамандардан жалпы тәжірибе дәрігеріне, жалпы тәжірибе дәрігерінен орта медициналық қызметкерге көшуде. Бұл үрдіс те біздің емханада қолға алынған. Медбикелер рецепт, сараптамаларға жолдамалар береді, қан қысымын өлшейді және тағы басқа жұмыстарды атқарады. Сонымен қатар, жедел жәрдем қызметінің науқастарды, инфекциялық науқастарды қарау, 5 жастан асқан және ересектердің, сондай-ақ, стационардан шыққан науқастардың шақыруларына бару да медбикелердің мойнында.  
Диспансерлеу сапасын арттыру және созылмалы ауруға шалдыққан диспансерлік науқастардың (ересектер) денсаулығын нығайту мақсатында диспансерлік кабинет жарақталған. Онда төрт медбике келушілерге толық қызмет көрсетеді.
Емхана қабырғасында халық­тың өз денсаулығына деген жауапкершілігін арттыру мақсатында ашылған мектептер жұмыс жасайды. Олардың қатарында, «Артериалды гипертония», «Бронхиалды астма», «Отбасын жоспарлау», «Болашақ аналар», «Босануға дайындық» мектептері, ұзақ жасау клубы, коронарлық клуб, дені сау бала кабинеті бар. Кез келген адам өзін қызықтырған тақырып бойынша аталған мектептерге жазылып, қажетті мәлімет ала алады.
Ал, егер медициналық қызмет көрсету кезегі бұзылған жағдайлар болса науқастардың шағым-өтініш­терін қарайтын пациенттерге қолдау көрсету және ішкі бақылау қызметі жұмыс істейді. Мұндағы тәжірибелі мамандар кез келген мәселені шешуге жәрдемдеседі. 324 кабинетке барсаңыз немесе 77-07-75 телефоны арқылы хабарласуға болады.  Біз үшін халықтың ризашылығы басты орында.

Әлия ҚОҢЫРОВА,
директордың пациенттерге қолдау көрсету және ішкі бақылау қызметі бойынша орынбасары. 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 606
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1170
count 88x31px