Бюджет қаражатына – қатаң бақылау - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Бюджет қаражатына – қатаң бақылау
Облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВТІҢ төрағалығымен жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның кезекті жиыны өтті.
Аймақтың мемлекеттік ор­гандары жұмысындағы жем­қорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау және оның алдын алу мәселелесі бойынша Жемқорлықпен күрес жөніндегі ұлттық бюроның Қарағанды облысы бойынша басшысының орынбасары Рус­там Ақмырзаев ақпарат берді.
Оның айтуынша, Қарағанды өңірі бойынша Жемқорлыққа қарсы қызмет өткен жылы 205 қылмыстық құқық бұзушылықты тіркеді. Оның ішінде, 63 пайызы – жемқорлық сипатында. Мәлім болғандай, қылмыстық істердің шығыны – 3,5 млрд. теңге. Оның 1,4 млрд. теңгесі қайтарылған. Сондай-ақ, шығынның орнын толтыру үшін 4,2 млрд. теңгеге бұлтартпау шаралары қолданылды.
Жемқорлықтың алдын алу мақсатында ішкі істер органдары жемқорлықпен күрестің жаңа заңнамада көрсетілген тиімді тәсілдеріне басымдық беруде. Осылайша, 2015 жылы Жемқорлықпен күрес қызметі ішкі істер органдарының құрылымдарына жемқорлық құқық бұзушылықты тудыруға әкелетін жағдайлардың жолын кесу үшін 72 ұсыныс жолдаған.
Әдеп, мемлекеттік тәртіпті нығайту, мемлекеттік қызмет және жемқорлықтың алдын алу заңнамаларын сақтау жөніндегі кеңестің жұмысы туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрлігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Жандос Сәрсеновтің баяндамасы тыңдалды.
Жиын соңында аймақ басшысы Нұрмұхамбет Әбдібеков барлық мемлекеттік органдар жемқорлықпен күрес жұмыстарын жүргізу барысында ел Президенті нақтылап берген бағдарламалық бағыттарды, оның ішінде, мемлекеттік органдар басшыларына жемқорлық құқық бұзушылық пен қылмыс үшін жеке жауапкершілікті белгілеу қажетін айтты.  

Облыс әкімінің баспасөз қызметі. 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 163
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px