Бюджет – бақылауда - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 07.12.2016

Бюджет  –  бақылауда
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы Жол» – болашаққа бастар жол» Жолдауы мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспары – жаһандық сын-қатерлерге нақты жауап.
Дағдарыс жағдайында бө­лінген қаржының тиімді пайдаланылуы, нақты мақсаттарға жұмсалуы барынша қатаң бақылауды қажет етеді. Жалпы, бюджет қаржысының жұмсалуына бақылау жасаудың ел экономикасын тұрақтандырудағы рөлін ешбір төмендетуге болмайды. Бұл ретте, ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Қарағанды облысы бойынша қазынашылық департаментіне жүктелетін жауапкершілік жүгі де зор. Стратегиялық жоспарда қарастырылған нақты нәтижеге жету мақсатында «Қазынашылық Клиент» ақпараттық жүйесі арқылы облыстағы барлық мекемелерде электрондық құжат айналымы жүргізіледі. Ол қазынашылық департаменті тарапынан жүзеге асырылады. Бұл жүйе, біріншіден, қазынашылық органдарының  жауапты орындаушыларының мемлекеттік мекемелермен қызмет көрсету аясында өзара байланысын болдырмайды. Екіншіден, мәліметтер ашықтығын қамтамасыз етеді, төлем шоттарының орындалу барысы туралы ақпаратты мемлекеттік мекемелер өз орындарында отырып көре алады.
Ұлт жоспарының 12-қадамында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі туралы жазылған. Қазіргі уақытта қазынашылық департаментінде Әдеп кодексі туралы ақпарат тақтасы ілінген.
«100 нақты қадамның» 13-қадамы жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге бағытталған. Осыған байланысты қазынашылық депар­таменті мен Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті қызметкерлері бірлесе отырып, құқық бұзушылықты болдырмау және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау туралы 4 семинар-кеңес өткізді.
Ұлт жоспарын сапалы жүзеге асыру үшін қазынашылық департаментінің қызметкерлері де жұмыла еңбек етуге дайын.

Асқар НҰРПЕЙІСОВ,
Қарағанды облысы бойынша
қазынашылық департаментінің басшысы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 228
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px