ҰБТ-ның талабы өзгереді - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 10.12.2016

ҰБТ-ның талабы өзгереді
Аяулым СОВЕТ,
«Орталық Қазақстан»  

Ұлттық бірыңғай тестілеу сұрақтарының бағыты мен мазмұны өзгеруі мүмкін. Бұл туралы ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте ҚР БҒМ вице-министрі Тахир БАЛЫҚБАЕВ мәлім етті.

Вице-министрдің сөзіне сүйенсек, Ұлттық бірыңғай тестілеуді жаңарту бойынша бірнеше бағыттар қарастырылмақ. Сұрақтардың бағыты мен мазмұны біршама өзгереді. Әсіресе, деректерден көрі логикалық сұрақтарға басымдық беріледі. Мектеп бітірушінің ойлау қабілетін бағалау бойынша арнайы тапсырмалар ұсынылмақ.
– Міндетті түрде тапсырылуы тиіс пәндердің қатарына ағылшын тілі қосылуы мүмкін. Бірнеше бағыттар бойынша түлектердің ойлау қабілеті бағаланады. Ол үшін арнайы    тапсырмалар енгізіледі. Осы орайда, Ұлттық бірыңғай тестілеуді реформалау бойынша жұмыстар жүреді. Нұсқасы, емтиханның өтуі жайлы шешім қабылданған соң халыққа кеңінен баяндалады, – деді ол.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 437
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1095
count 88x31px