Дамудың даңғыл жолы - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Бюджеттік міндеттердің орындалуының маңыздылығын ескере отырып, Қарағанды облысы бойынша Қазынашылық департаменті қызметкерлері тарапынан ауқымды шаралар жүргізілуде. Республикалық бюджетті орындау және жергілікті бюджеттердің орындалуына қызмет көрсетуде қаржылық операцияларды уақтылы өткізу, жеделдікті арттыру, қазынашылықпен өңделген деректердің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар атқарылуда. «Қазынашылық –клиент» ақпараттық жүйесінде мемлекеттік мекемелер тікелей желі тәртібінде есепшоттың жағдайы туралы ақпаратпен, сонымен қатар, төлемнің жағдайы туралы танысып, бюджеттің орындалу үдерісі жеделдетілді.

Қазынашылық пен клиенттің (мемлекеттік мекемелер) арасында электрондық сандық қол қоюмен құжаттың дұрыстығын растау, байланыс арнасын қорғауды пайдалану – ақпаратты қорғау ісін жаңа белеске көтерді.

Қазынашылық Комитетімен «Қазынашылық – Клиент» ақпараттық жүйесі кідіріссіз жұмыс істеуі, ақпараттық жүйені жетілдіру бойынша тұрақты жұмыстар атқарылып, қазіргі уақытта ақпараттық және технологиялық даму сапалы деңгейде атқарылуда.

2015 жыл қорытындысы бойынша Комитет төрағасы Қ.Баедилов «Үздік мемлекеттік мекеме» номинациясы бойынша республикалық деңгейде Қарағанды облысының Приозерск қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Приозерск қаласының жұмыспен қамту орталығы» КММ-ін сертификатпен марапаттады.

Сонымен қатар, бюджетті уақытылы орындау мақсатында, қазынашылық органдарымен ұсынылған қаржы құжаттарының талдау нәтижесі бойынша және бюджеттік заңнаманың нормаларын, ҚР нормативтік-құқықтық актілерін, пайдаланушының нұсқаулығын, ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің және ҚР Ұлттық банкінің түсініктеме хаттары, нормативті-құқықтық актілерге енгізілген толықтырулар мен өзгерістер бойынша мемлекеттік мекемелердің қаржы қызметтері және бухгалтерлермен семинарлар өткізіліп тұрады. Осындай іс-шаралардың мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігін, кәсіби біліктілігін арттыруда үлесі зор.

Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспары – еліміздің қуатын арттыруға, күшейтуге бағытталған тарихи құжат. Ол үшін әрбір мемлекеттік қызметшіден, әрбір азаматтан бірлікпен жұмыс жасау талап етіледі. Біріге отырып, жарқын болашақтың іргесін бірге қалауға шақырады. Бұл мақсатта Қазақстан халқы аянбай тер төгуге әзір деп сеніммен айта аламын.

 

Бану АХМЕТЖАНОВА,

Қарағанды облысы бойынша

Қазынашылық департаменті

басшысының орынбасары.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 616
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px