Дамылсыз даму үстінде - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 08.12.2016

Дамылсыз даму үстінде
1997 жыл Қазақстан үшін оңай уақыт болмағаны анық. Еліміз дағдарысты өткеріп жатты. Кеңес Одағының құлауынан жоспарлы экономика күйреп, өндіріс тоқырап, зейнетақы мен жалақы төленбеді. Күрделі кезең болатын. Алайда, Елбасы бастаған еліміз қиындықтарды қайыспай көтере білді. Сол бір қилы кезеңде, Қазақстан халқының еңбексүйгіштігі мен қажыр-қайратының арқасында Еуразия жүрегінде жаңа Астана бой көтерді.
Бүгінде барлық қиыншылықтар, кертартпа пікірлер артта қалып отыр. Арқаның кіндігінде орналасқан, бұрын облыс орталығы болып келген Ақмола қаласы Астанаға, ұлан-байтақ қазақ елінің Елордасына айналды. Тек атауы емес, заты танымастай өзгерді. Себебі, Астана – толассыз түлеу, дамылсыз даму үстіндегі шаһар.
Дархан даламыздың төрінде Тәуелсіздік таңы атқалы да 25 жылдың жүзі болды. Бұл – егемен елдің өткенімен сабақтасып жатқан төл тарихы.
Осынау жасампаз жиырма бес жылда ел болып тындырған тыңғылықты істеріміз халықаралық сахнада зор бағаға ие болуы еліміздің еңселілігін білдіреді дегенге баршаның келісері анық. Бұл жиырма бес жыл – тағылымды тарихымыздың тамырымен астасып жатқан келешек өміріміздің бастапқы парақтары.
Әр елдің болашақ тағдырын айқындайтын тарихи кезеңдері болады. Сондай кезең – астанамыздың Сарыарқа төріне көшірілуі екенін уақыт көрсетті.
Астана әлемге танылды және елімізді де әлемге танытты деп айта аламыз. Соның айқын дәлелі – 2017 жылы «ЭКСПО» көрмесінің Астанада өтуі. Күні кеше ғана Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болуы. Мұның бәрі болашақтың жоспарлы шаралары десек, Астанада Олимпиада да өтеріне кәміл сенуге болар.
Астана – ең алдымен азаттығымыз­дың символы, Қазақстанның жаңа тарихының шынайы шежіресі, қарқынды дамуымыздың, қол жеткен табыстарымыздың, абырой-беделіміздің, береке-бірлігіміздің жарқын көрінісі.

Ғалым БЕЙСЕКЕЕВ,
еңбек ардагері.

ОСАКАРОВ ауданы.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 790
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px