Дарынды түлектермен кездесті - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 08.12.2016

Дарынды түлектермен кездесті
Жансая ОМАРБЕКОВА,
«Орталық Қазақстан»

Кеше «Ариста» мейрамханасында облыс әкімінің дарынды балаларға арналған балы өтті.  Штраустың шығармаларына шыр көбелек айнала билеген жастар – аймақ мақтаныштары.
Салтанатты ша­раға жиналған 200 түлек «Алтын белгі» иегерлері мен республикалық жә­не халықаралық ол­им­пиадалардың же­ңім­паздары. Аймақ бас­шысы Нұрмұхамбет Әбдібеков түлектерді мектепті табысты бітір­гендерімен құт­тықтады.
– Сендер ел Тә­уел­сіздігінің 25 жыл­дығында мектеп бітірген түлектерсіздер. Біздің аймаққа индустриалды технологияны меңгерген, инженерлер, талантты менеджерлер, ғалымдар қажет. Сіздердей білімді жастар өңіріміздің, елім­іздің жарқын бола­шағы. Біз сіздерден үлкен үміт күтеміз,– деді Нұрмұхамбет Қанапияұлы.
Облыс бойынша 125 балл алған №3 қазақ-түрік лицейінің түлегі Тілепберген Әбішевке облыс әкімі алтын медальмен қоса, Еуропа қалаларын аралауға сертификат табыс етті. Қалған 120 «Алтын белгі» иегерлеріне медальдарын ұсынды. Сонымен қатар, халықаралық пән олимпиадалары, ғылыми бай­қаулар, шығармашылық және спорт­тық сайыстардың 40 жүлдегері «Жас дара» медалімен марапатталды. №1 қазақ-түрік лицейінің түлегі, Мәскеуде өткен Халықаралық Менделеев олим­пиадасының екі мәрте жүлдегері Мұрат Тишқұлға Нұрмұхамбет Әбдібеков арнайы қолсағат сыйлады. Білімді балалар өсіріп, ғылым мен спортқа икемдеген ата-аналарға облыс әкімінің Алғыс хаты берілді.
Түлектер Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, С.Демирел атындағы университет, Қарағанды мемлекеттік медицина университеті, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетімен қатар, Голландия, Оңтүстік Корея, АҚШ-тың жоғары оқу орындарына грантпен түсуге мүмкіндік алды.  
Болашақта хирург болуды алдына мақсат қойып, Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің грант иегері атанған Айгүл Бейсенбаева Жезқазған қаласындағы №8 гимназияның түлегі.
– Тестілеуде 114 балл жинадым. Мектебім, жақындарым артқан үмітті ақтауға тырыстым. Енді білікті маман атануға барымды саламын,– деді ол.
Білімімен биікті бағындырған жас өркеннің өрісі кең болсын әманда.
Суретті түсірген Д.КУЗМИЧЕВ.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 496
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px