Депутаттар назарында - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Депутаттар назарында
Қарағанды облыстық мәслихатының кезекті сессиясына дайындық жұмыстары жалғасуда. Алдағы сессияда Қарағанды облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының жағдайы және оның болашақ дамуы мәселесі қаралмақ.
Дайындық аясында об­лыстық мәслихат хатшысы Р.Әбдікеров, облыстық мәслихат депутаттары – Е.Апеисов, Е.Ахметов Бұқар жырау ауданына жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында аудан әкімі Н.Қобжанов, аудандық мәслихат хатшысы А.Әли, алдымен, төрт қабатты үйдің модульдік қазандығын депутаттар назарына ұсынды. Қазандық 2013 жылы пайдалануға берілген. 47 пәтерді жылытуда. Нысанның жұ­мыс­ымен таныса келіп, облыстық мәслихат хатшысы мұндай деңгейдегі қазандықтарды одан әрі дамыту, оған барынша көп үйлерді қосу қажеттігін, ол өз кезегінде жылумен жабдықтау тарифін құрауға ықпал ететіндігін айтты.
Бұдан кейін депутаттар ағымдағы жылдың қаңтарында «Білім саласын дамыту» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Ботақара кентінде ашылған мектепте болды. Жаңа қазақ орта мектебі 464 орынға лайықталған. Шеберханалармен, мультимедиялық, лингафондық кабинеттермен, кәсіптік бағдар беру зертханасымен, арнаулы химия, физика және биология кабинеттерімен жабдықталған.
2015 жылғы көктемгі су тасқыны біздің облысымыздың бірқатар шаруашылықтарына көп зардап әкелді. Солардың қатарында Мұстафин кентіндегі біраз тұрғын үйлер де құлап, қирап қалды. Депутаттардың ат басын тіреген соңғы нысаны кенттің бірқатар көше­лерінде жаңадан салынған үйлер қатары болды.
Сапар қорытындысы бо­йынша өткен отырыс­та Р.Әбдікеров тұрғын­дар үшін тұрғын үй-ком­муналдық шаруа­шылығы мәселелерінің барынша маңыздылығына баса назар аударды.
Адамдардың тұрмыс жағ­дайының сапасын жақ­сарту, коммуналдық қызметтің қол­жетімділігі жұ­мыстарын барлық мем­лекеттік органдар жүйелі жұмыстар негізінде жүзеге асыруы қажет. Өз тарапынан депутаттық корпус осынау маңызды жұмысқа тұрақты бақылау жасауды міндетіне алады, – деп ой қорытты облыстық мәслихаттың хатшысы.

Облыстық мәслихаттың баспасөз қызметі.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 424
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px