Ең бастысы – бейбітшілік - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 10.12.2016

Ең бастысы – бейбітшілік
Кеше отбасыммен бірге «Астана» телеарнасынан берілген жаңалықтарды көрдім. Ақордада өткен жиында Елбасымыз Жер Кодексіне енгізілген төрт бірдей түзетуге мораторий жариялады. Мемлекет басшысының бұл шешімін өз басым дұрыс деп есептеймін. Себебі, бұл төрт түзету қоғамда үлкен талқыға түсті. Ал, біз ҚР азаматтары үшін ең бастысы – бірлік пен бейбітшілік. Мораторий келесі жылға дейін бекігені туралы құлағдар болдық. Осы уақыт аралығында мемлекеттік қызметкерлер түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Менің ойымша, ең біріншіден, жер елге пайда түсіруі қажет. Сондықтан, жеріміз өңдеусіз жатқаннан гөрі шетелдіктердің келіп жұмыс жасағаны әлдеқайда тиімді. Жер Кодексіне сәйкес, қазақстандық азамат өзіне тиесілі жерін шетелдіктерге сата алмайды. Шетелдіктер, тек, жалға алады. Көптеген қазақстандықтар бұл туралы хабарсыз еді. Осының барлығы отандастарымызға заңнамалық нормаларды түсіндіру қажеттігі бар екендігін көрсетеді. Мемлекетіміздің дұрыс әрі салиқалы саясаты бұл мәселенің шешімін табады деп сенемін.

Степан ДАНЬШИН,
«Береке» шаруа қожалығы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 154
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1095
count 88x31px