Экономикада даму бар - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Экономикада даму бар
Аймақ экономикасында өрлеу бар. Дүйсенбі күні облыс әкімінің бірінші орынбасары  Асылбек ДҮЙСЕБАЕВТЫҢ қатысуымен өткен кеңейтілген жиында облыстың биылғы 4 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері сарапталды.

2015 жылы облыстағы аймақтық ішкі өнім мөлшері 3,5 пайызға өсіп, 3,2 трлн. теңгені құрады. Бұл – еліміздегі 4-інші көрсеткіш.
Өткен 4 ай ішінде өндірістік өнім көлемі 3,1 пайызға артқан. 556,8 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылғы көрсеткіштен 37,7 пайызға артты.
Өндірістік өнім көлемі бойынша республикалық көрсеткіштің 10,2 пайызын көрсетті. Аталған көрсеткіш бойынша 5-інші орынға шықты.
Ауыл шаруашылығы саласы бойынша мал шаруашылығы өнімінің артуына байланысты тауар межесі 1,9 пайызға өсті.
Жергілікті бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдер есебінен 36,3 млрд. теңге түсім түсті.
Жыл басынан бері сыртқы сауда айналымы 1132 млн. АҚШ долларын құрады. Оң айырма мөлшері 887 млн. долларды еңсерді.
Құрылыс саласында жұмыс ауқымы 8,3 пайызға төмендеді. 23,3 млрд. теңгені жобалады. Негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 19,2 пайызға кеміп, 63 млрд. теңгені құрады.
Облыстың тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында әрбір қала мен ауданның экономикалық даму жоспары жүзеге асырылуда.
Жиын барысында Асылбек Дүйсебаев облыстық экономика басқармасының басшысы Ольга Чернявскаяның баяндамасын сынға алды. Басқарма басшысының айтуынша, облыста құрылыс материалдарының экспорт көлемі екі есеге артса да, бұл небары 400 мың АҚШ долларын көрсетуде. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Қарағанды облысы сынды іргелі облыс үшін мұндай көрсеткіш қисынсыз екендігін айтты. Және келешекте барлық басшыларға құрғақ сандарға сүйенбей, шынайы жағдайды көрсетуді ескертті. Сондай-ақ, шикізат өндірісінен тыс экспорт құрылымдарына сараптама жасап, шикізаттық емес сектордағы ахуалды анықтауды тапсырды.
Жиын қорытындысында об­лыстық экономика басқармасына өндірістік өнім өсімі бойынша сараптама жасауды міндеттеді. Оның ішінде Индустриаландыру картасына енгізілген шағын және орта кәсіпорындарды жіті назарға алуды айтты. Шағын кәсіпорындардың дамуы үшін қалалар мен аудандардың әкімдері жауапты екендігін ескертті.
Өңірлер басшыларына әлеу­меттік-экономикалық дамуына қо­лайлы жағдай жасауды тапсырып, дағдарысқа қарсы жобаларды қолға алуды міндеттеді.
Жиынды қорытындылаған Асылбек Дүйсебаев облыстық экономика және қаржы басқармасына өткен 5 айдағы даму қорытындысын ескере отырып, биылғы жылғы экономикалық өсімді қамтамасыз ету Жоспарын жүзеге асыру тізімінде соңғы орындарға табан тіреген екі аудан әкімдерінің орынбасарларын жазаға тарту туралы ұсыныс жасауды жүктеді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 295
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px