Экспорттық әлеует артады - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 07.12.2016

Экспорттық  әлеует артады
Аяулым СОВЕТ,
«Орталық Қазақстан»  

Жақында Елордада азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығын дамыту бойынша Ислам ынтымақтастық ұйымы министрлері конференциясының VII сессиясы өтеді.

Ислам ұйымы Бас Ассамблеясының құрылтай сессиясы азық-түлік қауіпсіздігі төңірегінде ұйымдастырылмақ. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпаратына сүйенсек, АҚИҰ кеңсесі Астана қаласында орналаспақ. Құрылатын ұйымды алғашқы үш жылда Қазақстан басқарады.
Естеріңізге сала кетейік, ұйымды құру бастамасын 2011 жылы ИЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-сессиясында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев қолға алған болатын. Екі жылдан кейін ИЫҰ құрамындағы 24 мемлекет Астанада өткен үкіметаралық сарапшылық отырыста жарғыға қол қойды.
Бұл ретте, ҚР Президенті жанындағы брифингке қатысқан ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Көшербаев: «Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттыру үшін – бұл  ұйымды құрудың маңызы зор. АҚИҰ-ны құру арқылы астық экспортын жыл сайын 1 млн. тоннаға арттыруға мүмкіндік зор. Ал, сессия барысында алдымен ұйымның құрылымы қаралып, хатшылықта жұмыс істейтін адамдардың тізбесі талқыланады. Атқаратын негізгі қызметтері сәуірдің аяғында белгілі болады. Сондай-ақ, қаржылық жағынан бес жылға жоспарланған ұйымның бюджеті бекітіледі»,– деді.
АҚИҰ жұмысы ұйымға кіретін елдердің азық-түлік қауіпсіздігін және биотехникалық тұрғыдан даму бағытын қадағалайтын болады. Озық тәжірибелерді енгізу арқылы орман алқаптарының азаюы мен шөлейттену мәселелерін қарастырмақ. Әсіресе, азық-түлік қауіпсіздігінің қоры ескеріледі.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 190
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px