Ел дамуындағы елеулі серпіліс - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 05.12.2016

Ел дамуындағы елеулі серпіліс
Бес институционалды реформаны жүзеге асырудың тәжірбиелік кезеңі біздің облыс­та да қарқынды бас­тау алды. Осыған орай, облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВТІҢ қатысуымен Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік баспасөз мәслихаты өткен болатын. Аймақ басшысы алдағы міндеттерді саралап, атқарылған істерді електен өткізді.
Мемлекет басшысы ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары  – ел дамуында серпіліс жасаудың алғышарты ретінде қабылдануда.
«Кәсіби мемлекеттік аппарат құру», «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету», «Индустрияландыру және экономикалық өсім», «Біртектілік пен бірлік», «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» деп аталатын бөлімдерден тұратын ресми құжаттың өн бойында мемлекет дамуының алдағы уақыттағы 100 нақты қадамы айқындалған.
Ұлт жоспарының бірінші бағыты – мемлекеттік аппаратты кешенді жаңғыр­туды көздейді. Былтырғы жылдың соңында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа заң қабылданды. Мемлекеттік қызметке кірудің үдерісі өзгерді. Жұмысты жаңа бастағандардың кәсіби қызметі төменгі лауазымдардан басталады.
Жыл басынан бері облыс бойынша 12 төменгі лауазымдарға жалпы конкурстар жарияланды. 83 мемлекеттік қызметші сынақ мерзімінен өтуде.
57 бос лауазымға орналасу үшін ішкі конкурстар жарияланды, оның ішінде, 51 бос орынға конкурстар аяқталды, нәтижесінде, 35 адам қызметке тағайын­далды.
Мемлекеттік қызметшілерді іріктеудің үшсатылы жүйесі енгізілді. Ол заңнамалық білімді тестілеуден, жеке сапаларды бағалаудан және әңгімелесуден тұрады.
Заңнамалық білімді тестілеуге 684 адам қатысты. Жеке сапаларды баға­лаудан 397 адам өтті.
Мемлекеттік қызметшілердің еңбек­ақысын   дифференциациялауды енгізу­дің нәтижесінде, Қарағанды облысы алғашқылардың бірі болып   «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің жұмысын бағалаудың әдістемесін қайта бекітті. Бүгінгі күнде 17 әдістеме бекітілді.
Мемлекеттік қызметшілерді тоқсандық бағалауды өткізу бойынша жұмыс жүр­гізілуде.
Барлық мемлекеттік органдар жаңа біліктілік талаптарын қайта бекітті, олар­дың жалпы саны – 414.
Жыл басынан бері 118 мемлекеттік қызметші білімін жетілдірсе, жыл соңына дейін тағы 1800 адамды оқыту жоспарланып отыр.
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының екінші бағыты сот жүйесін және құқық қорғау органдарының жұмысын жетілдіруді қамтамасыз етуге арналды.  
Бүгінгі күні құқық қорғау жүйесін дамыту мәселелері бойынша барлық қадамдар жүзеге асты.
Бес сатылы сот жүйесі үш сатыға көшірілді.
Судьялыққа үміткерлерді іріктеудегі біліктілік талаптары күшейтілді.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты­ның жанынан Сот төрелігі академиясы құрылды.   
Елдің Жоғарғы Сотының жанынан арнайы құрылған Сот алқасында судьялардың іс-әрекетіне байланысты азаматтардың шағымдарын қарауды қам­та­­масыз ететін Судьялардың жаңа әдеп кодексі әзірленуде. Жыл соңы­на дейін барлық жергілікті сот­тардың сот отырыстарының залдары аудио-бейнебақылау жүйелерімен жабдық­талады.  
Алқа билердің қарауына жіберілетін қылмыстық істердің тізімі ұлғайды.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты­ның құрамында ірі инвестор­лар­дың қатысуымен туындайтын инвес­тициялық дауларды қарайтын жаңа мамандандырылған сот алқасы құрылды. Әлеуметтік маңызы бар санаттағы және әкімшілік айыппұлдар жөніндегі атқарушы өндірісті жекеменшік сот атқарушыларына беру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда.
Қазіргі күні облыста 114 жекеменшік сот орындаушысы жұмыс істейді.
Құқық қорғау органдарына келер болсақ, жыл басынан бері облыстың барлық өңірлерінде жергілікті полиция қызметі іске кірісті және онда 19 басшы тағайындалды.
Жергілікті полиция қызметінің құра­мында 2702 қызметші бар. Учаскелік полиция инспекторлары жыл басынан бері тұрғындармен 600 кездесу өткізді. 1330 адамның басын құраған құқық қорғау бағытындағы 134 қоғамдық құрылым құрылып, өз жұмысын жалғастыруда. Қоғамдағы тәртіпсіздік пен құқық бұзу­шылықтың орын алуына «нөлдік төзімділік» принципін қалыптастыру мақсатындағы іс-шараларды ұйымдастыру мен жүзеге асырудың ведомствоаралық жоспары, жергілікті полиция қызметін ақпараттық қолдау бойынша 2015-2016 жылдарға арналған медиа-жоспар іске асырылуда.
Сондай-ақ, құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша қоғаммен байланыс орнатудың жаңа формаларын іске қосу үшін Қарағанды облысы аумағында Көршілік бақылауды жүзеге асырудың 2016 жылға арналған жоспары жұмыс істейді.
Облыстың ІІД жанынан құрамында 9 адамы бар консультативтік-кеңестік орган құрылған. Оның құрамында Адам құқықтары және заңдылықты сақтау мә­селелері жөніндегі халықаралық бю­ро­ның Қарағанды филиалының директоры, қалалық және аудандық мәслихаттар депутаттары, қорғаушылардың облыстық коллегиясы президиумының төрағасы және басқалар бар.    
Прокуратура органдарының 2016 жылға арналған басым бағыттарының бірі ретінде – «Қылмыстық құқық бұзу­шылықтардың картасы» интернет-порталын жетілдіру ісі анықталды. Онлайн режимі арқылы құқық қорғау органдары жұмысының тиімділігімен, қылмыстық ахуалмен танысуға болады.
Сот және құқық қорғау жүйесіндегі өзгерістер олардың жұмысының ашықты­ғын аңғартады.  
Ұлт жоспарының үшінші бағыты – кең ауқымды және экономиканы жаңғырту мен экономикалық өсімді қамтамасыз етуге бағытталған.
Бұл бағытта жер қатынастары, құр­ылыс саласы, электр энергетикасы, агро­өнеркәсіптік кешен мәселелеріне бас­ымдық берілген.
Қолдағы резервтерді пайдалану арқылы жыл басынан бері қордағы 210,9 мың гектар жер немесе жылдың жоспардың 51%-ы айналымға енді.  
Облыстың өңірлерінде ауыл шаруашылығы бағытындағы қолданылмай жатқан жерлердің салығы артты. Бұл жерді тиімді пайдалануға бастайды.
Аукциондар арқылы жалпы аумағы 286,8 мың гектарды құрайтын 370 жер учаскесін сатылымға шығару жоспарда бар. Алдын ала дайындау іс-шараларына 25,4 млн. теңге бөлінген. Жерді сатылымға шығару биылғы жылдың шілде айында басталады.
Бүгінгі күні  5 жер пайдаланушы ауыл шаруашылығындағы жалдамалы жерлерді жек меншігіне сатып алу үшін өтініш білдірген.  
Үстіміздегі жылдың 1 наурызынан бастап құрылыс жүргізуге рұқсат алу үрдісі оңтайландырылды. Осы уақытқа дейін 54 сәулеттік-жоспарлы тапсырма беріліп, 34 сызба жобасы келісілді.
Сәулет саласындағы мемлекеттік қыз­меттер регламенті бекітілді.
Салынып жатқан 6 нысан бойынша сараптама жүргізуді жекеменшік аккредитацияланған ұйымдарда бекітілген жобалық-сметалық құжаттар арқылы жүргізу жоспарлануда.
Экономиканы дамытудың негізгі тетіктерінің бірі – мүлікті және қаражатты жария ету, заңдастыру. Облыс бойынша бүгінгі күнге дейін жалпы құны 5,6 млрд. теңгені құрайтын 370 нысан, оның ішінде, 34 тұрғын үй және 336 тұрғын үйге жатпайтын нысан бар.
Жария етілген қаражат сомасы – 4,8 млрд. теңге.
Жыл соңына дейін 332 нысанды заңдас­тыру көзделіп отыр.
Мәселеге байланысты ақпараттық-түсіндір­мелік жұмыстар кең ауқымда жүргізілуде.
Электр энергетикасы саласында жылу және электр желілерін коммуналдық меншікке беру жұмыстары жоспарлы жолға қойылған.
Бүгінде Қарағанды қаласы мен Қарқаралы ауданы тиісті жұмыстарды жүргізіп, меншік иесінсіз қалған 200 шақырым электр желісін балансқа енгізді.
Жүргізілген есептеулер облыста әлі де 289 шақырым электр желісінің меншік иесінсіз екендігін көрсетті.
Нысандар коммуналдық меншікке өткен соң, тиісті құжаттары реттеліп, нысандарды тіркеу аяқталған соң олар мамандандырылған ұйымдар қарамағына беріледі.    
Облыста мемлекеттік органдар, даму институттары, ірі бизнес өкілдерінің қатысуымен Инвестиция тарту мәселелері жөніндегі кеңес құрылды.
Жоспарланған «KARAGANDA INVEST 2016»  IV халықаралық инвестициялық форумы аясында осы Кеңестің бірінші отырысын өткізу жоспарланды. Осылайша, инвестицияларды тарту және өңірдің инвестициялық климатын жақсартуға бағытталған стратегия таныстырылады.
Инвестицияларды тартудың 2016 жылға арналған жоспары әзірленді. Барлық іс-шаралар өңірдің инвестициялық климатын жақсартуға және инвестициялық жұмыстарды жандандыруға бағытталған. Инвесторларға қызмет көрсету орталығының жұмысын жандандыруға да ерекше мән берілген.
Шетелдік инвесторлармен бірлескен инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда.
Қытайлық «Цинхуа» энергетикалық корпорациясымен көмірді терең өңдеу ісі бойынша келісім-шарт жасалды.
Сондай-ақ, өткен жылдың соңында америкалық «Haliburton» компаниясымен баритті кендерді қайта өңдеуге бағытталған «KarazhalOperаting» ЖШС зауыты іске қосылды. Зауыт осы уақыт аралығында 3100 тонна баритті концентрат өндірді. Металлургиялық, химиялық және азық-түлік кәсіпорындарының қажеттілігін өтеу мақсатында бельгиялық компанияның қатысуымен жоғары сапалы әк өндіретін зауыттың құрылысы да басталды. Қазақстандағы оқ өндіретін тұңғыш зауыттың іргетасы да біздің өңірде қаланды.
Орта кәсіпкерліктегі көшбасшы компанияларды қолдау мақсатында «Ұлттық чемпиондар» бағдарламасы арқылы жұмыстар жүргізілуде. Қарағанды облысынан азық-түлік өнеркәсібі бойынша 3 компания – сүт өнімдерін өндіруші «Нәтиже» Сүт фабрикасы» ЖШС, май өнімдерін өндіретін «Евразиан Фудс» АҚ және құрылыс индустриясындағы «СанТехПром» ЖШС осы бағдарламаға енді.
Энергия тиімділігін арттыру мәселесіне келсек, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Электр энергиясын дамыту және энергияны үнемдеу институтымен бірлесе отырып, Энергияның тиімділігі картасына енгізу бойынша жобаларды анықтау және іріктеу жүргізілуде.
Бүгінгі күні екі өтініш қаралуда: «Литейный завод» ӨБ және «Молодежный» көмір разрезі.
Энергосервистік компанияларды тарту бойынша да жұмыстар қолға алынды.   
Бұған дейін «Климаттық өзгерістерді тұрақтандырудың қазақстандық бағдар­ламасы» арқылы бюджеттік саланың үш нысанында жылу энергиясының желілері қайта жабдықталып, жылуды пайдалану автоматты түрде реттеуге көшірілді. Қарағанды қаласындағы перзентхананың жылу жүйесі де қайта жабдықталды.  
Аталған 4 жобаны  Энергияның тиімділігі картасына енгізу мәселесі қаралуда.
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік меха­низмі арқылы Қарағанды қаласының көше жарықтарын жаңғырту жобасының концепциясы әзірленуде.
Облыста экономикалық өсімнің негізгі құралдарының бірі – туризм саласы да басты назарда.  
Приозерск қаласынан 5 шақырым жерде, Балқаш көлінің жағасында «Балқаш» емдеу-сауықтыру кешені іске қосылды. «Тас бұлақ» демалыс үйінің жанынан ашылған 40 орындық «Қарқаралы» санаторий-профилакториі өз жұмысын бастады.  
2016-2018 жылдары туристік бағыттағы жалпы құны 2,4 млрд. теңгені құрайтын 6 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Ол арқылы 100 жаңа жұмыс орны ашылады.
Өңірдің ауыл шаруашылығы саласына мамандандырылғанын ескере отырып, 8 ауыл шаруашылығы кооперативін құру мәселесін қарастырудамыз.
Стратегиялық инвестор – «Бауер» чехия­лық компаниясы шошқа өндірісі және селекциялық-гибридтік орталығының кешені құрылысын салуға тартылды. Инвестицияның жалпы көлемі – 10,7 млрд. теңге.   
Мұнда Дания және Франциядан асыл тұқымды, өнімділігі жоғары шошқалар әкелі­неді.
Сондай-ақ, польшалық кәсіпкерлермен сүт және сүт өнімдері өндіріс іске қосу үшін инвестиция салу мәселесі қаралуда.
«ҚазАгро» арқылы қаржыландыр­ылатын инвестициялық жобаларды жетілдіру мәселесі де күн тәртібінде.
2015 жылы құны 1,9 млрд. теңге болатын 7 жоба іске қосылды. Мысалы, құны 1,3 млрд. теңгеге тең «Евразия Инвест ЛТД» ЖШС жобасы арқылы тәулігіне 400 литр жылқы сүтін өңдеуге, жылына биенің 10 тонна құрғақ сүтін әзірлеуге мүмкіндік туды.  
Биылғы жылы құны 2 млрд. теңге болатын 4 жобаны жүзеге асыру жоспарда бар. Олардың екеуі ет өндірісіне бағытталса, бірі – өсімдік шаруашылығында логистиканы құруға, енді бірі – бекіре балығын өсіретін өндірісті әртараптандыруға бағытталады.  
Бұған қоса, бастауын алған жобаларды қолдауға да көңіл бөлінеді.
Құны 15,4 млрд. теңгені құрайтын 15 жобаны қаржыландыру мәселесі де зерделену үстінде.
Білім саласындағы өзгерістерге тоқталсақ, алдағы оқу жылында барлық бірінші сыныптар білім берудің жаңар­тылған мазмұнына көшіріледі. Осы мақсатта мектептерді кең жолақты ғаламтормен қамту, материалдық-тех­никалық базасын нығайту, интерактивті жабдықтармен жабдықтау мәселелері қолға алынды.
Қарағандыдағы 44 орта мектеп қаржы­ландырудың жаңа механизмі бойынша апробациядан өтуде. Экономиканың көшбасшы салаларын білікті мамандармен қамтамасыз ету мақсатында индустрияландыру бағдарламасы арқылы Теміртау политехникалық колледжімен әріптестік орнатылды.  
Ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу үшін облыста мектепке дейінгі білім беретін – 18, орта білім беретін – 15 және 5 техникалық және кәсіби оқыту мекемелері таңдалып алынды. Жоғары оқу орындарының академиялық және өзін-өзі басқару ісін кезең-кезеңмен жетілдіру жұмыстары жалғасуда.
Білім беру гранттарын дайындауға жұмыс берушілер де жұмылдырылады.
Барлық ЖОО-ларда коллегиялық орган – ғылыми кеңес жұмыс істейді.
Облыстың 3 ЖОО-сында бақылаушы кеңестер құрылған.
Облыстың 4 ЖОО-сында қамқоршылар кеңесі жұмысын жалғастыруда.  
Денсаулық сақтау саласында да реформалар жүзеге асырылуда. Мәселен, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік-медициналық сақ­тандыру енгізіледі. Бұл ауруханалар мен емханалар арасындағы бәсекеге қабілеттілікті артырады. Жекеменшік медицинаны дамытуға ықпал етеді.
Кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсету ісіне жекеменшік қызмет көрсетушілер көптеп тартылуда. Олардың саны 2011 жылдан бері 24-тен 41-ге дейін өскен.
Мемелекеттік-жекеменшік әріптестік механизмі кең қолданысқа енді.
Өткен жылы компьютерлік томография кабинеті, 2 офтальмологиялық орталық және туа біткен жүрек ауруларын зерттейтін 3 УДЗ кабинеті ашылды.   
Бизнес өкілдерінің әлеуметтік мәсе­лелерді шешуге тарту ісі биыл да жалғасын табады. Осылайша, биыл мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы құны 1 млрд. теңгеден асатын 12 жобаны іске асыру көзделіп отыр.
Алғашқы медициналық-санитарлық кө­мектің тиімділігін арттыру мақсатындағы жұмыстар да жалғасуда. Облыс емханаларында алдын алу бөлімшелері жұмыс істейді. Олардың құрамында диспансерлік кабинеттер, жастар денсаулығы орта­лықтары, жас аналар мектебі және өзге де құрылымдар бар.
Медициналық зерттеулер, ауруларды алдын ала анықтау өткізуге қаржылай көмек көрсету жалғасты. Скринингтік тексерулер жүргізу үшін биыл 462 млн. теңге қаражат бөлінді.
Жыл сайын 700 мыңнан астам скринингтік бақылаулар жүргізіледі.
Қарағандының Оңтүстік-Шығыс бөлігі тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмекті жақсарту үшін №5 емхана бұрынғы диагностикалық орталық ғимаратына көшірілді. 27 селода дәрігерлік амбулаториялар салынуда. Нысандар 2016 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі.
Әлеуметтік көмек жүйесін жетілдіру жалғасын тапты.
2015 жылдың шілде айынан бері облыста аз қамтылған отбасыларға шартты қаржы­лай көмек көрсететін «Өрлеу» пилоттық жобасы іске қосылды. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша, 187 адамға жалпы құны 3,8 млн. теңгені құрайтын осындай көмек көрсетілген.
Биыл мұндай көмек 769 адамға көрсетіледі деген жоспар бар.
Осы мақсатқа облыстың қалалары мен аудандарының бюджеттерінен сомасы 20 млн. теңге болатын қаражат бөлу қарастырылған. Республикалық бюджет есебінен 28,6 млн. теңге көлемінде мақсатты трансферттер бөлінді.
Еңбек қатынастары жүйесіндегі рефор­маларды түсіндіру мақсатында облыс­тың Өңірлік кәсіпкерлер палатасы­мен, «Кәсіподақ орталығы» аумақтық бірлестіктерімен бір­лесе отырып, жаңа Еңбек кодексінің негізгі шарттары, ұжымдық келісім-шарт қаты­нас­­тарының ерекшеліктері тура­лы ақпарат жұмыстары жүргізілуде.
Ұлт жос­­пары­ның «Біртектілік және бірлік» ІV ре­­фор­­­масы аясында 2015 жылдың соңында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы құнды­­лықтарының негізінде қазақстандық біртек­­тілік пен бірлікті нығайту мен дамытудың кон­цепциясы бекітілді.
Бұл ретте Қазақстан халқы Ассамблея­сының маңызы зор.
Об­лыстың барлық өңірлерінде жаңа заң­намалық және нормативтік-құқықтық акті­лерді жүзеге асыру бойынша ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстар белсенді жүргізілуде.
Өткен жылдың соңында этно-мәдени бірлестіктердің жұмысын жүргізуге барлық қолайлы жағдайлар жасалған Достық үйі салтанатты түрде ашылды.
Осы күні Достық үйінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Менің елім – Мәңгілік Ел» атты ХVIII сессиясы өтті.
Облыстық Қазақстан халқы Ассамб­леясының жаңа қоғамдық құрылымдары – Қоғамдық келісім кеңестері (124), Аналар кеңесі (25), халықтың 20 нақты әлеуметтік мәселесін шешкен ғылыми-сарапатамалық топ құрылды және жұмысын жалғастыруда.
Қоғамдық келісім кеңестерінің, аналар кеңесінің форумдары, акциялары, кездесулері, дөңгелек үстелдері, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер сияқты 800 іс-шара өткізілді.
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын насихаттау мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясының ашық есік күндері өткізілді. Онда 120 мың адам қатысты. 360-тан астам мектепте – ашық сабақтар, 240 елді мекенде Достық фестивальдері өткізілді.
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен мемлекет – үлкен отбасы» атты кең ауқымды жобасы жүзеге асырылуда.
Достық үйінің базасында медиация кабинеті ашылған. Қарағанды мемлекеттік тех­никалық университетінде этносаралық қарым-қатынаста медиацияны қалыптастыру мәсе­лелері бойынша оқыту семинарлары өткізілді.
«Ізгілік керуені» республикалық акциясы аясында «Бірге өмір сүру – өнер» акциясы өткізілді.
Балалар үйлерінің 993 тәрбиеленушісін баспанамен қамту мақсатында «Тұрғынүй­құрылыс­жинақбанкі» арқылы әлеуметтік келісім-шарттарға қол қойылды.
Елімізде тұңғыш рет тойланған Алғыс айту күніне арналған іс-шаралар да ұйымдас­тырылды. Достық үйінде «Біз мәңгілік жасаймыз!» форумы өткізілді. Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс-шараларға да бастау берді.
24 мыңнан астам бала мен жас «Ұрпақ+» жобасымен қамтылды.
Өлкетану және этнографиялық музейлерде, мектептерде 4 мыңнан астам балаға (4338) Қазақстан тарихын оқытатын 225 үйірме ашылған.
Үкіметтік емес ұйымдармен арадағы әріп­тестіктің жаңа түрлері жүйелі жолға қойылып, даму үстінде.
Осылайша, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, Қазақстан халқының Ассамблея­сының өкілдері Жемқорлыққа қарсы қоғам­дық кеңестердің, Үдемелі индустрия­лық-инно­вациялық дамудың үйлестіру кеңестерінің, кәмелеттік жасқа толмағандардың, мүгедек­тердің, әйелдердің құқығын қорғайтын комис­сиялардың, кәсіпкерлікті дамыту, әлеу­меттік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеудің үшжақты комиссия­ларының мүшелері болып табылады.
Тар­ихи жәді­герлерді, рухани-мәдени құнды­лық­тар­ды нығайту мәселесі – қоғам алдын­дағы маңызды мәселелердің бірі. Облыс аума­ғында тарихи-мәдени құндылықтардың 2700 жәдігері бар.
Құндылықтарымыз, тарихи-мәдени ор­ындар, туристік сала нысандары туралы ақпараттар www.balkhashtur.kz сайтында және www.vizitkazakhstan.kz, www.kazakhstan.travel, www.expo2017astana.com респуб­ликалық порталдарында жарияланған. «Авалон» тарихи-географиялық қоғамы жанынан (2014 жылы) туристерге арналған жедел желі ашылды.  
«Мәңгілік Ел» құндылықтары – от­басылық құндылықтарды, моральдік-әдеп және рухани құндылықтарды нығайту мақсатындағы іс-шаралар өз жемісін берді.
Ажырасу коэффициенті 7%-ға төмендеді (1000 адамға 3,8).
Мүмкіндігі шектеулі балаларға арнал­ған 13 білім беру мекемесі ғаламтор желісіне қо­сылған.
Кәсіби техникалық білімді 316 мүгедек алуда.
2011 жылмен салыстырғанда, балалар үйлері тәрбиеленушілерінің саны 350 балаға немесе 22%-ға азайған. Отбасыларға тәрбие­ленуге берілген балалар саны 1,5 есеге ұлғайды (2015 жылы – 109, 2014 жылы – 73).
Балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін асырап алуға беру 3,5%-ға – 17 балаға, патронаттық тәрбиеге беру 8,9%-ға – 11 балаға артты.
Интернаттық ұйымдардағы балалар саны 350 балаға немесе 22%-ға азайды. 55 бала (немесе 24%) өз отбасыларына қайтарылды.
Облыстық колледждер базасында «Мәң­гілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының алға басуына арналған 4 клуб жұмыс жасайды.
Облысымыздың 10 жас кәсіпкері Астанада аймақаралық бизнестің тағылым­дама бағдарламасы бойынша білім алды.
Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы­ның базасында Ассамблея мен облыстық этно-мәдени бірлестіктердің жұмысы көрсетілген Қазақстан халқы Ассамблеясының залы жұмыс жасайды.
Біз «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» идея­сының алға басуына арналған ұлттық жобаны белсенді түрде жүзеге асыруды жалғастырып келеміз.
Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 12 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған (2015 жылы – 12333), оның ішінде, 11 мың адам тұрақты жұмысқа қол жеткізді.
Кәсіптік бағдар бойынша 190 шара өткізілді.
Облыстың 172 мектебінде кәсіптік бағдар кабинеттері ұйымдастырылды (оқу каби­неттері).
3 колледж базасында – Шахтинскідегі технологиялық, Теміртаудағы политех­никалық және Абайдағы көпсалалы колледждерде 3 ресурстық орталық ашу жұмысы қолға алынды. Олардың мақсаты – колледждердегі инженер-педагог ұстаздардың  біліктілігін арттыру, өндірістегі жұмысшыларды даяр­лау және қайта даярлау болып табылады.  Орталықтардың ашылуы 2016 жылдың қырқүйек айына жоспарланған.
Еңбек күніне арналған облыстық, 18 аудандық және қалалық форумдар өткізілді.
Еңбек әулеттері арасында салалық конкурстар ұйымдастырылды.
Әлеуметтік әріптестік және әлеу­меттік, еңбек қатынастарын реттеу комиссиясының 6 отырысы өткізілді.
«Нұрлы болашақ» жалпыұлттық жоба­сы­ның жобалары жүзеге асырылуда.
Үш тілді білім берудің енгізілуі аясында облысымыздың 13 аймағында мемлекеттік және ағылшын тілдерінде оқытатын курстар ұйымдастырылған. Үш мыңға жуық адам мемлекеттік және ана тілінде оқытылатын 41 этно-лингвистикалық сыныптар жұмыс жасайды.
Екі мектепте деңгейлік оқыту бағдар­лама­ларына және қазақ тілінде оқытыл­майтын мектептердегі қазақ тілі кітаптарына апробация басталды.
Үш тілді білім беру аясында педаго­гикалық, инженерлік-технологиялық және жаратылыстану-ғылыми бағытын­дағы арнайы бөлімдер 4 жоғары оқу орындарындарында жұмыс жасайды (Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ, ҚарМТУ, ҚарЭУ, ҚММУ).
Жастар саясатының жаңа моделі қалып­тасуда: мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 53,7 млн. теңге сомасына 55-тен аса әлеуметтік жастар жобалары жүзеге асырылып, 200 мыңнан аса адам қатысқан 3 мыңға жуық іс-шара өткізілді.
Үкіметтік емес жастар ұйымдарының 69 өкілі, 19 ресурстық орталықтар, қоғамдық қозға­лыстардың 19 көшбасшылары, 19 білім ұйым­дары жастар ісі жөніндегі Кеңеске қосылды.
Кеңестердің 82 отырысы өткізіліп, 100-ден аса ұсыныстар қабылданды.
«Жас ұлан» (44180 адам) және «Жас қыран» (26142 адам) балалар мен жас­өспірімдер қозғалысы 70 мың мектеп оқушысын немесе 39,5% қамтыды.
29 колледжге қосарлап оқыту жүйесінің элементтері енгізіліп, 1448 шәкіртті  қамтыған – 3,9%, 146 кәсіпорын тартылды.
Қарағанды мемлекеттік техникалық уни­верситетінде индустриялық-иннова­ция­лық даму бағдарламасына кадрлар ретінде 124 магистрант «Металлургия», «Автоматизациялау және басқару» мамандықтары бойынша білім алуда.  
«Дипломмен – ауылға» жобасы бойынша 169 жас маман ауылдық елді мекендерге барды.
«Жасыл Ел» жобасына 3 мыңнан аса жас жұмылдырылды.
Бес реформаға, сонымен қатар, қазақс­тандық біртектілік идеясына ақпарат­тық қолдау көрсету және алға басуына ықпал ету мақсатында «Болашағы біртұтас ел» ақпараттық кампаниясын өткізу бойынша облысымызда қысқа мерзімді медиа-жоспар жүзеге асуда.   
Республикалық және аймақтық БАҚ-та 1470-тен аса материал орналастырылған:
республикалық және облыстық теле­каналдардың эфирінде  – 250 сюжет,
баспа БАҚ-та – 1060,
ғаламтор-ресурстарында – 160.
29 журналист, 53 БАҚ, сонымен қатар 20-дан аса спикер жұмылдырылған.
126 тақырыптық банерлер орналас­тырылған.
Бес реформа тақырыбын жарыққа шығаруға мамандандырылған 29 адамнан құралған журналистер мен блогерлер пулы құрылған.
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ны­ғайту мақсатында 17 ақпанда ашылған ҚР Президенті жанындағы Аймақтық орталық коммуникациялар алаңы қолданылады.
Ұлт жоспарының «Транспарентті және есеп беретін мемлекет» туралы V бағытын жүзеге асыру – мемлекеттік шешімдерді қабылдауға азаматтарды белсенді түрде қатыстыруға және тұрғындардың және бизнес-қауымдастығының азаматтық бел­сенділігін арттыруға бағытталған.
Жауапкершілікті және іс-әрекет нәтижесін бағалауды жоғарылату мақсат­ында Премьер-Министрмен 2016 жылға арналған жеті мақсатты индикаторға қол жеткізу туралы Меморандумға қол қойылды:
Облыс экономикасының өсімі (ІАӨ) – 1,9 пайызға, жан басына шаққандағы инвестицияның негізгі капиталы – 15,2 пайызға, жергілікті бюджетке түсетін салық және салықтан тыс түсімдер көлемі – 3,3 пайызға артады деп жоспарлануда.
Әлеуметтік салада жұмыссыздық деңгейін 4,9 пайызға қамтамасыздандырып, өмір сүру ұзақтығын 70,36 жылға дейін көтеру көзделуде.
Тұрғындардың мемлекеттік қызмет­терге қатысты қанағаттану көрсеткішін 94 пайызға жеткізу жоспарлануда.
Облыстың негізгі бағдарламалық құжаттары жаңа форматта құрастырылып, бекітілді. Бұл – Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және Қарағанды облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы.
Тұрғындардың ақпараттандырылуын, жариялылықты және ашықтықты қамта­масыз ету мақсатында жыл басынан бері 45 мыңнан астам адамды қамтыған түрлі деңгейдегі әкімдердің 435 есеп беру кездесуі өтті.
Іс-әрекет нәтижесі туралы есептер бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Кездесулерде халық тарапынан көтерілген мәселелер тізімі, орындалу мерзімі, орындалу есебі көрсетіле отырып, ресми веб-сайттарға орналастырылды.
Қоғамдық кеңестер құрылып, жұмысын бастады. Бүгінгі күнде барлық қалалар мен аудандар әкімдері қоғамдық кеңестер алдында есеп беруді аяқтады.
202 елді­мекенде жергілікті бірлестіктер құры­лып, мүшелері сайланды. Жергілікті өзін-өзі басқару ұйымындағы қаржыны қадағалау бойынша бақылау есепшоттары ашылды.
Бақылау есепшоттары ашылған мер­­зімнен бастап 156 кент, село, селолық округ бойынша 150,9 млн. теңге жинақталды. Оның ішінде биылғы жыл басынан бері 90 млн. теңге жиналды. 53 млн. теңгесі жұмсалды.
Бұл қаржы жергілікті маңыздағы ағым­дағы мәселелерді шешуге бағыт­талды. Бұлар – көшелерді жарықтандыру, суағар­ларды тазалау, коммуналдық меншіктегі нысандарды ағымдағы жөндеу­ден өткізу, коммуналдық төлемдерді төлеу, балабақ­шаларға жиһаз сатып алу және тағы басқа жұмыстар.
«Азаматтарға арналған Үкімет» мем­лекеттік корпорациясын енгізу мақсат­ында халыққа қызмет көрсету орталықтары желісін дамыту жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда облыс бойынша Автокөлік құралдарын тіркеу және көлік жүргізуші куәлігін беру бойынша мамандандырылған орталықты қосқанда барлығы 31 бөлім жұмыс істеп тұр.
Мемлекеттік қызметтерді тұтынуға өт­ін­іштерді қабылдайтын GPS-навигатор­лармен жабдықталған 8 жылжымалы ХҚКО құрылды. Бұл орталықтар шалғай­дағы ауылдарға барып, қызмет көрсету жұмыстарын атқаруда.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қызмет көрсететін мобильді топтар жұмыс істейді.
Қазіргі таңда 212 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы енгізіл­геннен кейін бөлімдерде 500-ден астам мемлекеттік қызмет түрін көрсетуге мүм­кін­дік туады.
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жү­зе­ге асыру мақсатындағы жұмыстар өз жал­­ғасын табады және үнемі бақылауда болады.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 226
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1088
count 88x31px