Ел пікірін ескерді - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 10.12.2016

Ел пікірін ескерді
Соңғы уақыттарда Қазақстанның ұлан-байтағы жат жұртқа сатылады деген жалған ақпардың таратылуы салдарынан жер мәселесіне қатысты көңілде алаң көбейген еді. Соған сәйкес Елбасы Жер кодексінің былтырғы жылы енгізілген бірқатар нормаларына белгілі бір кезеңге, яғни, 1 жылға дейін мораторий жариялап, тағы да өз халқымен санасып, былайша айтқанда, өз халқының сөзі мен пікірін елеп, ескере білді.
Қабылданған заңның тетіктері мен нормалары кеңінен талқыланып, халыққа дұрыс түсіндірілмеген. Сондықтан, халық толқулы күй кешті. Елбасы осы жайды түгел ескере келе – «Халыққа ұнамайтын заңның бізге керегі жоқ» деп кесіп айтты.  Шын мәнінде, пікір екіұдай еді. Халықты билікке түбегелі қарсы қоюшы топтардың да болғанын жасырмауымыз керек. Ол мәселе – халықтың заңнамадағы өзгерістермен дұрыс ақпараттана алмағандығынан туындап отыр. Өз басым облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы ретінде,  Елбасының ақпараттық саясат мәселесін қозғағандығына және де Үкіметке Ақпарат және коммуникация министрлігін құруды тапсырғандығына ерекше қуандым. Өйткені, соңғы кездері ақпараттық саясат мәселесі иесіз қалып бара жатқандығын айқын сезініп жүрдік.
Мына аумалы-төкпелі заманда, Тәуелсіз еліміздің жиырма бес жылдық тарихи жолында қалыптастырған саяси тұрақтылығымыз бен ұлтаралық бірлігімізге сызат түсірмеудің және де қоғамдағы бейбіт күнді нығайту мен сақтаудың тарихи маңыздылығының арта түсері бар. Егемендігімізді ерекше құрметтейік.

Оралды ТӨРЕҒОЖИН,
облыстық ардагерлер
Кеңесінің төрағасы.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 136
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1095
count 88x31px