Ерлерге – еңселі ескерткіш - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Ерлерге – еңселі ескерткіш
Сейсенбі күні облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВТІҢ  төрағалық етуімен Қа­рағанды аймағы қала құрылысы жөніндегі кеңесінің отырысы өткізілді. Оның барысында Чернобыль атом-электр станциясында орын алған қасіретті оқиғаның 30 жылдығына орай, апат зардабын жоюға қатысқан ерлердің құрметіне облыс орталығында қойылатын сәулеттік-мүсіндік құрылымның жобасы қаралды.
Облыс әкімі мәлім еткендей, ақпан айында жеке қабылдауында болған «Чернобыль ардагерлерінің облыстық одағы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері Чернобыль қаһармандарына ескерткіш орнату мәселесін қала құрылысы кеңесінде қарастырып, түбегейлі шешім шығару туралы өтініш білдірген.
Отырыс барысында күн тәртібіндегі мәселеге байланысты апат зардаптарын жоюға қатысушы, отставкадағы генерал-майор Янис Дуданың хабарламасы тыңдалды. Одан кейін сәулеттік-мүсіндік құрылымдар жобаларын әзірлеушілердің ақпараттарына құлақ түріліп, авторлары Владимир Троценко және Игорь Баграмов болып табылатын ескерткіштің екі нұсқасының сызбалары талқыға түсті.
Талқылау түйінінде кеңес мүшелері бірауыздан Игорь Баграмовтың авторлығымен әзірленген жобаны бекіту туралы шешім қабылдады.
Кеңес қорытындысында Нұрмұхамбет Әбдібеков Қарағанды  қаласының әкімі  Нұрлан Әубәкіровке аталған ескерткіш құрылысының жұмыс үдерісін бақылауға алуды және оны апаттың орын алғанына 30 жыл толатын биылғы атаулы жылы тиянақтап, мемориалдың ашылу рәсімін Қазақстан Республикасының Конституция күні қарсаңына жоспарлау туралы тапсырма берді.  
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 197
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px