Еуропадан – екінші орынмен... - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 07.12.2016

Еуропадан – екінші орынмен...
Қуаныш АМАНҚҰЛОВ,
«Орталық Қазақстан»
Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары Еуропадан жағымды жаңалықпен оралды. Елу бес елдің арасында ІІ орыннан көрініп, «Білім берудің, жұмыспен қамтудың және кәсіпкерліктің эко-жүйесі» тәжірибелік жобасы үшін наградталды.

Ақпан айында «Кәсіп­керлік қоғамдас­тықтардың бастамалары» байқауы жа­рияланған болатын. Еуропа білім беру қорының жобасы аясындағы бай­қауды ұйымдастырушы – Еу­роодақтың Өңірлер ко­митеті.
Байқауға жолданған 100 өтінішті жеті мем­лекеттің өкілдерінен құ­ралған Консультативтік ке­ңес мүшелері қараған. Нәтижесінде, үш елдің білім беру құндылығын дәріптейтін тәжірибесі үздік танылған. Бұл қатарда Грузияның «Инклюзивтік қамту және әлеуметтік әріптестік» тәжірибесі, біз­дің елдің тәжірибесі мен Черногория елінің «Көш­басшылықтың үлгісі, үлкен жастағыларды оқыту және өңірлік экономикалық өс­ім» тәжірибесі бар.
Аталған жоба кәсіп­орын­дардың, кәсіби білім беру мекемелерінің, жер­­гілікті әкімшілік ор­ган­дарының және азамат­тық қоғамның өзара ынтымақтастығын дамыту­ға сеп. Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің сарапшысы Қарлығаш Оспанова осылай деді.
Жалпы, өңірдің Кәсіп­керлер палатасы Еуропа білім беру қорымен тығыз байланыс орнатқан. Осылайша, бірнеше халық­аралық жобаларға қатыс­ып келеді.
Жүйелі жұмыс көп­шілік­тің көңілінен шықты. Палата, 24 колледж, 130 кәсіпорын және мың­даған студент арасын­да 128 төртжақты келісім-шарт жасалған. Құжаттар жастарды бел­гілі бір мамандыққа бағыт­тау мен дуалды оқы­туды ұйымдастыруға бағыт­талған.
Бұған қоса, бизнес­ке бағыттай оқыту үшін 2 бизнес мектебі ашылды. Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлік тәжіри­бесінің курсы мен қажетті оқулықтардың электр­он­дық нұсқасын толықтай әзірледі. Жоспар бойынша жыл соңына дейін тағы 23 бизнес мектебі ашылады.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 259
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px