Гүл мен жырдың салтанаты - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Гүл  мен  жырдың салтанаты
Қуаныш АМАНҚҰЛОВ,
«Орталық Қазақстан»
Қарағандыдағы Кеншілер мәдениет сарайында Әйелдердің халықаралық күніне арналған салтанатты жиын өтті. Мерекелік іс-шараға облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ қатысты.
Аймақ басшысы өз құттық­тауында:
– Көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз – Әйелдердің халықаралық күні! Бұл, ең алдымен, ұлы мақсатты жақындатқан жандарды құрмет тұтудың белгісі. Осы мерекенің иесі – әйелдер қауымы адамға өмір сыйлау, ел ертеңін тәрбиелеу, ұл-қызға әлемді таныту мен отансүйгіштікке тәрбиелеу ісінің дәнекері. Ана мен баланы қорғау – биліктің, тұтастай қоғамның басты міндеті. Жергілікті атқарушы органдар әркез облыс тұрғындарына қолдау көрсетуге тырысады. Себебі, елдің келешегі Сіздердің, аналардың қолында тұрған жоқ па?! – деп ағынан жарылды.
Нұрмұхамбет Қанапияұлы ардагер аналарға да ерекше ілтипат білдірді. Ақ жаулықты жандарға деген құрмет пен алғыстың шексіз екендігін жеткізді. Себебі, олар ерлермен иық тіресе отырып, соғыстың қиын кезеңіне төзе білді. Еліміздің азаттығы жолында жан аямады, соғыстан кейінгі жылдары еңбекке белсене араласты. Мемлекеттің әлеуетін арттыруға үлес қосып, үлгілі ұрпақ тәрбиеледі.
Шуақты шара әуенді-сазды бағдарламаға ұласты. Салтанат құрған әннің де, жырдың да тақырыбы – Аналар, Арулар. Мәңгіліктің, ізгіліктің нышаны!

Суретті түсірген Д.КУЗМИЧЕВ.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 277
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px