Гендерлік саясат теңдікті көздейді - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 07.12.2016

Саран қаласында қалалық сот төрағасы Б.ИМАШЕВТЫҢ бастамасымен гендерлік саясат туралы дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараның арқау еткен тақырыбы –  «Қазақстан Республикасындағы 2006-2016 жылдарға гендерлік даму Стратегиясын орындаудағы мемлекеттік гендерлік саясаттың жүзеге асуы».

Талқыланған тақырыптың өз­ектілігі мен маңыздылығына қала әкімінің әлеуметтік сала бойынша орынбасары Е.Оспанов тоқталды. Ол гендерлік теңдік Стратегиясын орындаудағы жер­гілікті атқарушы  ұйымның ие­ленетін орнын атап өтті.

Қаладағы отбасылық -демо­графиялық саясатты іске асыру хақында атқарылған жұмыстар туралы Саран қаласының ішкі саясат бөлімі басшысы Г.Төртбаева мәлімдеді.

Қатысушылар назарына от­басылық және рухани-адам­гершілік құндылықтарды нығайтудағы, этнопедагогиканы насихаттаудың қызықты жұмыс формалары ұсынылды. Олар жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мен мәдениет мекемелерінде құрылған әйелдер клубының қызметі мысалында көрініс тапты.

Елдегі, билік ұйымдар­ындағы, отбасындағы гендерлік теңдікке қол жеткізу, гендерлік бойынша  тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілерінің алдын алу, ерлер мен әйелдердің денсаулығы, гендерлік құқ­ық және ағарту сынды мәселелерге шара барысында баса назар аударылды. Бұл туралы  «Нұр Отан» партиясы Саран қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Мамирова, «Саран қаласы орталық ауруханасы» КМК басшысы К.Сатова, заңгерлік кеңес берудің адвокаты И.Багринцева, білім бөлімнің бас маманы С.Цаплина, прокурор көмекшісі Н.Әбдішев, инспектор А.Полякова баяндады.

Қарағанды облыстық сот­тың судьясы Н.Годлевская қарастырылған мәселелердің өз мәнінде талқыланғанын және гендерлік  саясаттың сот жүйесінде қатаң бақылауда екенін жеткізді.

Дөңгелек үстелді түйіндеген Б.Имашев Саран қаласында мемлекеттік гендерлік сая­саттың толыққанды жүзеге асып, гендерлік теңдік үшін барлық алғышарттардың бар екенін атап өтті.

Айгүл АСАДОВА.

САРАН қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 247
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px