Инвестиция салуға мүдделі - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 07.12.2016

Нұрмұхамбет Қанапияұлы мейманға жергілікті билік органдарының жұмысы туралы айтты. Бұл іс-шаралар Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың әлеуметтік-экономикалық даму тұрғысындағы тапсырмаларын орындауға бағытталған. Әсіресе, біздің өңір, тек, елдің индустриялық-өнеркәсіптік орталығы ғана емес. Облыста агроөнеркәсіптік кешен, денсаулық сақтау және туризм салаларын дамыту мақсатындағы инвестициялық жобалар тың серпін алды.

Аймақ басшысы атап өткендей, Қарағанды облысы туристерді тарту мәселесіне өте қолайлы. Балқаш көлінің жағалауы, Қарқаралы өңірінің әсем табиғаты сияқты тынығуға, тарихи дүниелермен танысуға мүмкіндік беретін тарихи орындар көптеп саналады. Туристердің этникалық туризмге де қызығушылығы басым екен. Олар жергілікті халықтың тұрмыс-салтын, дәстүрін және ұлттық тағамдарын көруге қызығады.

– Біз Америка Құрама Штаттарымен арадағы байланысты жан-жақты дамытуға үлкен мән береміз. Сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығымызды одан әрі дамыту аса маңызды, – деді облыс әкімі.

Джордж Крол да өз пікірін ортаға салды. Елші өңірді дамытудың әлеуеті зор екендігін алға тартты.

– Ынтымақтастықты нығайту, Қазақстан мен АҚШ арасындағы байланыс – стратегиялық маңызы бар іс. Біз түрлі салаға инвестиция салуды жоспарлап отырмыз. Егер, ұсыныс-пікірлеріңіз болса, қолдаймыз, – деді Джордж Крол.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 633
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px