Инвестициялар – ел денсаулығына - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 08.12.2016

Инвестициялар – ел денсаулығына
Жұма күні облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ мемлекеттік-жеке меншік желісі бойынша инвесторлармен кездесті. Кездесу барысында денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жайы талқыланды.
– Мен 2015 жылдың қорытын­дысы бойынша тұрғындармен болған есепті кездесу кезінде денсаулық сақтау саласына 1 миллиард теңгеден астам сома көлемінде инвестиция тартылатыны туралы айтқан едім. Сол кездесуден бері көп уақыт өте қойған жоқ, десек те, осы бағытта тұрақты жұмыс жүргізілгенін және оның тиімді нәтиже бергенін білемін, – деді облыс әкімі кездесу басталар сәттегі өзінің кіріспе сөзінде.
Мінберге көтерілген облыс­тық денсаулық сақтау басқар­ма­сының басшысы Ержан Нұрлы­баев аймақтағы тегін меди­циналық көмек көрсетудің ауқы­мы мен кепілді көлемін ұлғайту мақсатында жеке инвес­тицияны тарту жөнінде әзірленген жобаның жай-күйі хақында егжей-тегжейлі баяндады. Оны іс жүзіне асырудың тетігі – жеке инвесторларға заманауи қондырғыларды қолдана отырып, медициналық қызмет көрсетулер үшін қолайлы жағдайлар ұсыну.
Бүгінгі күнге дейін Қара­ғанды, Балқаш және Жез­қаз­ған қалаларында орналас­қан әйелдерді босандыру меке­мелерінде сарапшылық сыныпқа жататын ультрадыбыстық зерттеу кабинеттерін ашу бойынша сомасы 228 млн. теңгені құрайтын 3 инвестициялық жоба жүзеге асырылған. Сондай-ақ, 2015 жылдың қараша айында «MD Vision» ЖШС-мен бірлесіп, Қарағанды қаласындағы №3 емхана мен Теміртаудағы №1 емханада екі офтальмологиялық орталық ашылды. Жоба құны – 80 млн. теңге.
Бұлардан тысқары, биылғы жылы тағы да жалпы сомасы 258 млн. теңге болатын 10 жобаны жүзеге асыруға қатыс­ты жеке инвесторлармен келісім­ге қол жеткізіліп отыр. Со­ның аясында Жезқазғанда 3 магнитті-резонансты томография және Қарағандыда 2 компью­терлік-рентгендік томография кабинеттерін ашу жоспарланған. Жезқазған мен Балқашта оф­таль­мологиялық орталықтар, Қарағандыда облыстық аллер­гиялық орталық, балалар ауруханасы базасында айықтыру орталығы, Октябрь ауданында «Отбасылық денсаулық» орта­лығы және қаланың Оңтүстік-Шығыс бөлігінде емхана салынады.
Қазіргі таңда Шахтинск қала­сындағы гемоделизге мұқтаж сырқаттардың Қарағандыға аптасына екі, тіпті, үш рет келіп-кетуге мәжбүр болуы себепті, сол қалада гемоделиз орталығын салу туралы шешім қабылданды.
Қысқасы, екі жылдың ішінде аталған салаға 4 млрд. 117 млн. теңге көлемінде жеке инвестиция тартылған.
Кездесу  соңында   Нұрмұхам­бет Қанапияұлы облыс аумағын­дағы денсаулық сақтау саласының жобаларын қаржыландыруға ықыласты жеке компаниялар өкілдеріне қаратып: «Сіздермен арадағы ынтымақтастық жал­ғасын таба беретініне және ықпалды көмектеріңіз арқылы тұрғындарды қолжетімді әрі сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ете алатынымызға күмәнсіз сенемін» деді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 130
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px