Инвестициялық форум – Қарағандыда - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 07.12.2016

Инвестициялық форум – Қарағандыда
27 сәуірде Қарағанды қа­ла­сында IV Халықаралық «Karaganda Invest 2016» Инвес­тициялық форумы өтеді. Форум Қарағандының инвестициялық және инновациялық даму келешегін талқылау, сондай-ақ, Қарағанды облысының ауқымды жобаларын таныстыру үшін құрылған мемлекет пен бизнестің тиімді пікір алмасуының заманауи алаңына айналады.
Форум  аясында агро­өнеркәсіп кешені, жер қойнауын пайдалану, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік, құрылыс индустриясы және туризм секілді аймақ үшін маңызды бағыттар бойынша әлеуетті инвесторларды таныстыру мақсатында инвестициялық жобалардың көр­мелері өткізу жоспарланған. Сонымен қатар, қатысушылар назарына Қарағанды облысының шетелдік инвестицияны тікелей салу мүмкіндігі бар іс үстіндегі үздік жобалары және жекешелендіруге жататын аймақтық компаниялар мен кәсіпорындар ұсынылады.
«Karaganda Invest 2016» форумына қатысушылар шетелдік делегаттармен танысып, инвестициялық жобаларын әлеуетті инвесторларға таныстыру, сондай-ақ, Қарағанды облысының басшылығына өздерін қызықтыратын сауалдарды қоюдың тамаша мүмкіндігін иеленеді.
IV Халықаралық «Karaganda Invest 2016» Инвестициялық форумының ұйымдастырушылары – Қарағанды облысының әкімдігі мен «Сары-Арқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы.
Форум алаңында 500-ден аса шағын және орта бизнестің, әлеуетті инвестор-компаниялардың, Ұлт­тық компаниялар мен мем­лекеттік басқарудың жергілікті орган­дарының өкілдері қатысады деп жоспар­лануда. Форум кезінде Халықаралық меморандумдар мен Инвестициялық келісімдерге қол қою рәсімдері күтілуде.
Нақтыланған мәліметтер бо­йынша «Karaganda Invest 2016» форумы спикерлерінің қатар­ында ҚР Инвестиция және даму жөніндегі министрі Әсет Исекешев, Қарағанды об­лысы­ның әкімі Нұрмұхамбет Әбді­беков, «Бәйтерек» Ұлттық бас­қару холдингі» АҚ басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев, «Қаз­геология» Ұлттық геологиялық бар­лау компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Ғалым Нұржанов, Қара­ғанды облысы әкімінің орынбасары Әнуар Ахметжанов және ҚР Инвес­тиция және даму министрлігі геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев болады.
Форум аясында «Қарағанды облысында жасалған» инвестициялық жобаларының көрмелері, толық құрамдағы отырыс, «Жер қойнауын пайдалану және энергетика: дәстүрлі салаларға жаңа көзқарас», «Қарағанды облысының агроөнеркәсіптік әлеуетін жүзеге асыру» және «Қарағанды облысы – инвестициялардың жаңа көкжиектері» тақырыптарындағы үш қайталамалы секциялар отырыстары, сондай-ақ, меморандумдар мен келісімдерге қол қою рәсімдері және «Шетел инвесторлары кеңесінің» отырысы өткізіледі деп жоспарланып отыр.

Форум 2016 жылғы 27 сәуірде Қарағанды қаласында, Әлиханов көшесі, 4, «Нұр Отан» партиясы ҚОФ ғимараты мекен-жайында өтеді.         
Қатысушыларды тіркеу фо­румның karagandainvest.kz  сайтында жүр­гізіледі.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 184
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px