Өңірде өсім байқалады - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016


Өңірде өсім байқалады
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Асылбек ДҮЙСЕБАЕВ облыстың биылғы жылдың 5 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы және экономикалық өсімінің көрсеткіші туралы жиын өткізді. Отырысқа облыстық басқармалардың, статистика департаментінің басшылары және селекторлық режим арқылы қала, аудан басшылары қатысты.
Биылғы 5 айдың қорытындысы бойынша, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері тұрақты.
Өнеркәсіптік өнім өндіру көлемі 3%-ға артқан. Былтырғы жылмен салыстырғанда, өндірілген өнім құны 200 млрд. теңгеге өсіп, 711 млрд. теңгені құраған. Қарағанды облысы республиканың өнеркәсіптік өнімінің 10,2%-ын өндіріп, 3-орынға тұрақтады.
Өңдеуші саладағы өндіріс көлемі 6,7%-ға артып, 559 млрд. теңгенің өнімі өндірілген.
Ауыл шаруашылығы саласында да мал шаруашылығы өнімдерінің көлемін арттыру есебінен 2,4%-ға өсім байқалған. Бұл – елдегі облыстар арасындағы 5-орын.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1300-ге артып, 86441-ге жетті.
Әлеуметтік саладағы ілгерілеу көрсеткіші де анық аңғарылады.
Жыл басынан бері 2333 жаңа жұмыс орны ашылған.
Туберкулезбен ауыру көрсеткіші 19%-ға төмендеп, 100 мың адамға шаққанда, 29,4-тен 23,8 жағдайға шақталды.
Мектепке дейінгі білім берудің жекеменшік нысандарын ашу мен жұмыс істеп тұрған нысандардың қуатын 154 орынға арттыру арқылы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 97,5-ға жетті.
Жыл басынан бері облыс экономикасына 89,7 млрд. теңге инвестиция құйылды.
Құрылыс жұмыстары биыл 36,2 млрд. теңгеге жүргізілді. Құрылыс жұмыстарының көлеміне келер болсақ, біздің облыс республика бойынша 8-орынға тұрақтады. 128,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 900-ден астам отбасы баспаналы болды.
Жиын қорытындысы бойынша Асылбек Дүйсебаев Қарқаралы ауданы және Саран қаласы әкімдерінің екі орынбасарын жауапқа тартуды тапсырды. Бұған себеп – Экономикалық өсімді қамтамасыз ету жоспарындағы төмен көрсеткіштер.
Сондай-ақ, облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту мақсатындағы жұмыстар бақылауда болады.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 685
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px