ӨҢІРЛІК СЕМИНАР-ТРЕНИНГ - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

ӨҢІРЛІК СЕМИНАР-ТРЕНИНГ
Амандық РАХҰЛЫ,
«Орталық Қазақстан»

Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауы және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ұйымдастыруымен Жезқазғанда «Қазақстан өңірлерінде бірлік пен біртектілікті нығайту жөніндегі этносаяси менеджмент» тақырыбы бойынша үш күнге созылған семинар-тренинг өткізілді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы — қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы және «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында мемлекеттік этносаясатты жүзеге асыру технологияларын түсіндіру мақсатындағы семинар-тренинг дәріс-әңгіме, пікірталас әдістерімен жүргізілді. Бизнес және көлік колледжінде өткізілген семинардың жұмысына Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданы мемлекеттік органдарының салалық бағыттағы жауапты қызметкерлері, құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Семинарда ҚХА ғылыми-сарапшылық кеңесі төрағасының орынбасары А.Сәдуақасова, Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының сектор меңгерушісі Н.Шанай жалпыұлттық бірлік пен бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісімді қамтамасыз ету міндеттерін жан-жақты түсіндірді. Жаһандық қатерлер жағдайындағы мемлекеттік этносаясаттың мән-маңызына тоқталып, зайырлы қоғамдағы діни сенім бостандығын қамтамасыз етудің ерекшеліктерін алға тартты. «Мәңгілік Ел» идеясының мәдени-философиялық негіздерін де айқындап талдады. Семинар жұмысына Ұлтаралық келісім жөніндегі қалалық комиссияның төрағасы, Бизнес және көлік колледжінің құрылтайшысы Б.Алтынбеков, облыстық Ассамблея Хатшылығының бас маманы Г.Рымбекова және қала басшылары қатысты.
ЖЕЗҚАЗҒАН қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 272
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px