Іскерлігімен ілгері - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Іскерлігімен ілгері
Қуаныш АМАНҚҰЛОВ,
«Орталық Қазақстан»
Қазақстанның «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған Іскер әйелдер кеңесі аймақтың өсіп-өркендеуіне үлес қосып жүрген нәзік жандарға құрмет көрсетті. Мерекелік басқосу көктемнің шуақты мерекесі – Әйелдердің халықаралық күніне арналды.

Кездесуде облыстық Кә­сіпкерлер палатасының директоры Мәдениет Божбанов, осы палата жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Әлия Садырбаева сөз алып, құттықтауларын жеткізді. Өм­ір­лік ұстанымы айқын, іс­тері оңға басқан жандарға ал­ғыстарын айтты.
Бүгінде кеңестің құра­­м­ындағы бірнеше комитет өз жұмысын жүйелі жолға қойған. Іскер әйелдердің өзекті мәсе­лелерін шешу мен алдағы жоспарды айқындау өзара ынтымақтастықта өрбиді. Бас­тысы, кеңес мүшелері бизнес пен қайырымдылықты, әлеуметтік жауапкершілікті қатар алып жүруді көксейді.
Ал, осы басқосуды ұйым­дас­тыруға кеңестің мәде­ниет комитеті мұрындық бол­ған. Оның басшысы Ирина Нечаеваның айтуынша, комитеттің басты міндеті – қоғамның рухани және мәдени өмірін жаңғыртуға үлес қосу. Мысалы, Астана қаласында өтетін «ЭКСПО-2017» Халық­аралық көрмесінде облыс қолөнершілерінің жұмыстарын көрмеге қою мәселесі қолға алынған.
Іскер әйелдер кеңесі мұндай басқосулардың дәс­түрге айналарына сенім біл­дірді. «Әрбір мерекені толайым табыстармен қарсы алайық» деген тілекпен тар­қасты.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 367
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px