Іскерлік байланыс нығаюда - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Қарағанды облысының тауар өндірушілері облыс әкімінің орынбасары Әнуар АХМЕТЖАНОВТЫҢ жетекшілігімен аймақаралық сауда қатынастарын дамытып, отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында Алматы қаласына барып қайтты. Делегация құрамында аймақтың 40-тан астам кәсіпорын, түрлі өнеркәсіп сала басшылары мен өкілдері бар. Бұл туралы облыстың өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасынан хабарлайды.

Басқарма таратқан мәліметтерге сүйенсек, кездесу Қарағанды облысының өкілдері мен Алматы қаласы әкімдігінің, ірі сауда желілері мен өнеркәсіп кәсіпорындарымен өткен келелі кеңестен бастау алған. Мұнда өңіраралық ынтымақтастықты жақсартуға қатысты мәселелер талқыланған. Сонымен қатар, Қарағанды облысының өнеркәсіптік әлеуеті таныстырылған көрінеді. Ал, Алматы қаласының сауда желілерінің тауар өндірушілері шеберлік-сыныптарын өткізді. Әкімдіктер арасында ынтымақтастық және өнеркәсіптік кооперация туралы меморандум жасалды.

Қарағандылық тауар өндірушілер нарық аймағын кеңейту мүмкіндігін қарастыру мақсатында Алматының бірқатар іргелі нысандарын аралап көрді. Атап айтқада, «Казлегпром-Алматы» ЖШС, «Алматы электр стансасы» АҚ, «Алматы жылу жүйелері» ЖШС, «Алматыжылукоммунэнерго» ЖШС кәсіпорындары.

Сапар барысында коммуналдық кәсіпорын басшылары коммуналдық нысандарға қызмет көрсету үшін қажет өндірістік үдерістер мен тауар мен қызмет көрсету мүмкіндіктерімен таныстырды. Өз кезегінде Қарағанды облысының тауар өндірушілері аталған қажеттіліктерді өздерінің артық қуат есебінен толтыруды ұсынды.

Жұмыс сапарының соңында «Диалог алаңы» ұйымдастырылды. Онда біздің облыстың тауар өндірушілері мен Алматының әлеуетті тапсырыс берушілері пікір алмасты.

Бұған Алматының 40-тан астам өнеркәсіп, коммуналдық кәсіпорын өкілдері қатысты.

Қарағанды облысының тауар өндірушілері осы алаң арқылы өнімдеріне әлеуетті тапсырыс берушілермен келіссөздер жүргізуге мүмкіндік алды. Компаниялар тәжірибемен алмасып, өзара пайдасы тиетін келісімдерге қол жеткізді.

Басқарманың айтуынша, Қарағанды облысы әкімдігінің тарапынан өзге өңірлермен іскерлік байланыс орнату бойынша мұндай жұмыстар бұған дейін де жүргізіліп келген.

Мәселен, биылғы жылдың сәуір айында Қарағанды облысының тауар өндірушілері Батыс Қазақстан және Атырау облыстарына барып қайтқан болатын. Мақсат – облыс тауарөндірушілерімен таныса отырып, әлеуетті тауар өндіруші, қызмет көрсетушіні іздестіру, мұнайгаз компанияларының сатып алуында қазақстандық мазмұнның үлесін арттыруды қарастыру.

Бүгінгі таңда Қарағанды облысының бірқатар тауар өндірушілері келісім-шарттар жасасып, ірі мұнайгаз компанияларға ендігі қызмет көрсетуде.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 344
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px