Күн тәрбінде: сапа мен өнім - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Күн тәрбінде: сапа мен өнім
Қызғалдақ АЙТЖАНОВА,
«Орталық Қазақстан»


Облыс әкімдігінде аймақ басшысы Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВТІҢ төрағалығымен өткен кезекті аппарат отырысында Қарағанды облысындағы құрылыс нысандарының сәулеттік-құрылысына мемлекеттік бақылау және аймақта көкөніс өсіруді дамытуға қатысты мәселелер  талқыға түсті.
Облыстың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының мәліметіне сүйенсек, бүгінгі таңда басқарманың бақылауында құрылыстың 481 нысаны бар. Оның арасында бюджеттің қаржысына тұрғызылатын  нысан – 135, құрылыс ұйымдарының өз қаражаты есебінен бой көтеретіндері – 346.
Басқарма басшысы Т.Досаевтың айтуынша, биылғы жылдың үш айында бақылау мен қадағалау бойынша 38 бақылау шаралары жүзеге асқан. Бұл тексерілген нысандардың 21-і бюджеттік қаражат есебіндегі құрылыстар болса, 17-сі – құрылыс иелерінің қаражатындағы нысандар. Тексеріс нәтижесінде анықталған кем-кетіктерді жою үшін 19-ына ескерту беріл­ген. Орын алған кемшіліктердің қатарында,  бекі­тілген жобалық-сметалық құжатсыз құры­лыс жүргізу, жобалық шешімнен ауытқу арқылы құрылыс-монтаждық жұмыстарын бастау, техникалық құжаттардың талапқа сай рәсімделмеуі, құрылыс-монтаж жұмыстарын сәулет-құрылыс бақылауының нұсқауынсыз атқару секілді құқықбұзушылықтар бар.
Бүгінгі таңда мердігерлер тарапынан бұл кемшіліктер жойылған. Сонымен қатар, осы үш айда жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарымен жоспардан тыс 26 тексеріс өткен екен. Соның нәтижесінде, басқарма арқылы 18 әкімшілік іс қозғалып, құқық бұзушылардан  бюджетке 2 млн.314 мың теңге көлемінде айыппұл өндірілген.
Сәулеттік,   қалақұрылысы    және   құрылыс   саласын  реттейтін заңнамаларда, атап айтқанда, құрылысы аяқталған нысандарды пайдалануға беруге байланысты заңнамалардың бір­қатарына өзгерістер енгізілген болатын. Мәселен, Заңның 73 бабы 4 тармағына сәйкес тұрғызылған құрылыс нысанын пайдалануға беру  қабылдау актісімен рәсімделіп, тапсырушымен  бекітілуі тиіс. Сондай-ақ, аталған баптың 5 тармағына сай құрылыс нысанын қабылдау актісіне тапсырыс беруші, мердігер, техникалық және авторлық бақылау жүргізетін тұлғалар қол қояды. Осыдан келіп, енді тапсырыс берушінің, мердігердің, техникалық және авторлық бақылау жасайтын тұлғалардың жауапкершілігі күшейе түспек. Сөйтіп, мем­лекеттік сәулет-бақылау  инспекциясының, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және өрт қауіпсіздігі қызметі секілді өзге де мем­лекеттік органдардың құрылысы тәмамдалған нысандарды қабылдауына қатысуы  тоқта­тылды. Осындай заңнамадағы бірқатар өзгерістерге тоқталған басқарма басшысы әділет орындарының талапқа сай құжаттары жоқ құрылыс нысандарын тіркемеуін өтінді. Сонымен қатар, ондай жағдай анықталса, басқармаға дереу хабарласуын және еске салды.
Бұдан соң қарастырылған екінші мәселе – көкөніс өсіру. Облыс тұрғындарының тұтыну қажеттілігін мейлінше қамтамасыз ету үшін Қарағанды облысында көкөніс өсіруді дамытудың 2020 жылға дейінгі жоспары жасалғандығын айтады облыстың ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Б.Асанов. Ол жоспар аудан шаруа­шылықтарында көкөніс өсіру аудандарын кеңейтуді, өз өндірісі есебінен көкөніс өнімін  арттыруды, өнім алуда инновациялық технологияларды енгізуді көздейді.
Көкөніс  өсіру Абай, Бұқар жырау, Осакаров аудандарының ауыл шаруашылық құры­лымдарына тән. Облыстағы ауыл шар­уашылығында көкөніс өндірісінің алар үлесі – 48 пайыз көлемінде. Ал, 52 пайызы үй шаруашылықтарында және саяжай телім­дерінде өсіріледі. Облыстағы көкөністің түрлеріне келер болсақ, орамжапырақтың үлесінде – 15 пайыз. Қызанақ – 21 пайыз, қияр – 16 пайыз, сәбіз – 26 пайыз, қызылша – 16 пайыз екен.
Жабық негізде  көкөніс өсірумен «Топар жылыжайы» ЖШС айналысады. Оның жылдық өнімі – 4,5 мың тонна. Бұдан бөлек, «Гринтехнолоджи» ЖШС және бар. Оның өнімі – жылына 1,4 мың тонна.
Ал, 2015 жылы көкөніс жинаудың ішкі өнімі 96 мың тоннаны құраса, оның ішінде үй шаруашылығына тиесілісі – 49,7 мың тонна.
Алайда, қысқы-көктемгі кезде тұрғын­дарды өзіміздің көкөніспен қамту деңгейі –  төмен. Мұны қысқы сақтауға көкөніс өнімінің аз жинақталатынымен байланыстырады. Сон­дықтан, қала, аудан әкімдеріне көкөніс сақтау қоймаларын кеңейту, оны құру туралы қарекет жасау қажет. Басқарма басшысы қазіргі таңда шағын және орта бизнес үшін көкөніс қоймаларын салуға және кеңейтуге мемлекеттік қолдау бар екенін атап өтті. Сонымен қатар, басқарма басшылығы көкөніс өсіруді ұлғайтуға қатысты бірқатар жоспарлар мен міндеттерге тоқталды.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 142
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px