Көптің көңілінен шықты - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Қазақтың кең-байтақ жері, салт-дәстүрі, тілі мен діні ата-бабадан бүгінгі ұрпаққа мирас болып келе жатыр. Аманатты аман сақтау, оны аялау, қорғау, болашағын ойлау – бүгінгі ұрпақтың міндеті. Өйткені, жер бізден кейінгі ұрпаққа жетуі керек.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жер кодексіне мораторий жариялап, алаңдап отырған халықтың алаңын сейілтті. Біз үшін ел мен жердің амандығы, халық арасындағы достықтың мықты болуы, тыныштық маңызды. Сондықтан, Жер кодексі туралы кәсіби мамандар айтып, қажет кезде нақты дәлелдермен асықпай түсіндіріп беруі қажет. Нәтижесінде, екіжақты келісімге келіп, елге пайдалы, экономикамызға тиімді шешім қабылдаймыз.

Біз бейбіт заманды қолдаймыз. Ал, Жер кодексін қабылдағандар түсіндіру жұмыстарын ақсатып алды. Жалпы, біздің халық өте сауатты. Сондықтан, қандай заң шықса да халыққа дұрыстап түсіндіру керек.

Жердің иесі болса, игеріледі, халыққа жұмыс болады, жер қыртысы тозбайды. Қазір шаруалар жерді аз уақытқа ғана жалға алып отыр. Егер, ұзақ мерзімге алатын болса, бар күшін сарп етіп, оны сақтап қалуға, тиімді пайдалануға тырысады. Сондықтан, елдегі соңғы шешім бейбітшілікке, бірлікке бағытталған.

Нұржан ЖЕТПІСБАЕВ,

«Жас Отан» Жастар қанаты Қарағанды облыстық

филиалының төрағасы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 169
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px