Кәсіпкерге демеу- зор - Саясат - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Кәсіпкерге демеу- зор
Қызғалдақ АЙТЖАНОВА,
«Орталық Қазақстан»
Қарағандылықтарға жаңадан бой көтерген  «Алтын арба» сауда үйі, бұйырса, күзге таман қызмет жасауды бастайды. Бүгінде 3 млрд. теңге көлемінде  қаржы құйылып, қарқынды жүріп жатқан сауда-фермерлік орталықтың құрылысы мәреге жетуге жақын. Бұл туралы үдемелі индустриялды-инновациялық дамыту бағдарламасы бойынша облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ төрағалық еткен аймақтық үйлестіру кеңесінде «Авеста Қарағанды» ЖШС қаржы директоры Әділжан ҚОЖАБЕРГЕНОВ  мәлімдеді.

Жобаның 1 млрд. 500 млн. теңгесі  – меншік иелерінің өз қар­жысы болса, қалғаны  – банктің несиесі. Жоба заман талабына сай фермерлік өнімдерді сақ­тайтын қажетті құрылғылармен жабдықталады. Фермерлерге ар­налған сауда базарының аумағы  – 2000 шаршы метр көлемі­нде.  1 мың шаршы  метр  зәкірлік  жалдауға ар­налған аумақ екен. Сонымен бірге, онға жуық қарағандылықты тікелей жұмыспен қамтымақ. Жоба бірауыздан кеңес мүшелерінен қолдау тапты.
Бұдан бөлек, кеңесте тағы 7 жоба қарастырылды. Оның арасында субсидиялауды 1 жылға ұзартуға өтініш білдіргендер де, жаңа жоба ұсынғандар да бар. Мысалы, Бұқар жырау ауданының аумағында орналасқан «Қа­рағанды Құс» ЖШС құс фабрикасын тауарлық жұмыртқа өндіруі үшін қайта жөндеуден өткізу жобасы 2012 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Фабрика бас­шылығының айтуынша, 2012-2016 жылдар аралығында  фабрикадан 336 млрд. астам дана жұмыртқа шығарылған. Соның нәтижесінде, 107 456 млн. теңге бюджетке түсім түскен. Бүгінде фабрика өнімі аймақты толық қамтуда. Субсидиялау мерзімін ұзартуға тілек білдірген екінші бір жоба  – химиялық зертхана құрылысы жобасы. Жобаны ұсынушы Жезқазған қаласының «Евротехсервис» ЖШС ұйымы. Бұл зертханада 351 адам еңбек етеді.
Қарағанды қонақжайлығын паш ететін жаңа мейманхана да жақында қонақтарын қабылдайтын болады. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының қолдауымен бой көтеретін нысан жобасының құны  – 475 млн. теңге. Мейманхана басшылығының айтуынша,  қонақүй төрт жұлдызды.
Кеңесте «RefCargo Trans» ЖШС, «Самади-2030» ЖШС, Теміртау қаласынан жеке кәсіп­керлердің жобалары да на­зарға ұсынылды. Күн тәрбіне шығар­ылған жобалар жан-жақты талқыланды. 7 жоба қолдау тапты. Бір жобаның қаржыландыруы бойынша сұрақтар туындап, ол кейінірек тағы қарастырылуға шешім шығарылды.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 126
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px